73 жастағы Жазиха Шамшақызы бұл мерекені ерекше атап өтеді

Наурыз ертеден келе жатқан ұлттық мереке

Оның тойлану әдісі өзгеше. Қазақ халқының дархан көңіліндей Наурыз молшылыққа кенелтетін мейрам. Осынау Ұлыстық ұлы күні қарсаңында, біз Қарабатыр ауылының тұрғыны 73 жастағы әжей Жазихан Шамшақызын әңгімеге тартқан болатынбыз.

Бүгінде Жазиха әжеміз тұңғыш ұлы Ғарифулла мен келіні Торғынның қолында тұрады. Олардан көріп отырған үш немересі бар. Әжеміздің өмірлік жұбайы Қиысхан ата 21 жыл бұрын дүниеден өтіпті. Ол кісі өте білімді, зиялы адам болған екен.

Жазиха әжеміз ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 17 немере мен 1 шөбере сүйіп отырған бақытты жан. Жастайынан Наурыз мейрамына да ерекше көңіл бөліп жылда отбасында кең дастархан жайып, бір қазан бидай көже дайындап, келген қонақтарға ұсынады екен.

– Наурыз мейрамы 1926-1988 жылдар аралығында тойланбай қалғанын баршы халық жақсы білсе керек. Бірақ мен бала кезімнен Наурыз мейрамын атап өтіп келемін. Мен үшін бұл мерекенің мәні зор. Бұл біріншіден біздің ұлттық құндылығымыз. Наурызда қазақ халқының ұлттық тағамдары дайындалып, ұлттық ойындары ойналады. Бұл өте дұрыс деп ойлаймы. Менің үйімде балаларымның әкесі ойнаған қызыл, жасыл түсті 200-дей асық бар. Ұлттық ойынның ең қызығы осы асық ату ғой. Сондықтан Наурыз мейрамына қарсы үйіме немерелерім келгенде оларға асық ойнауды үйретемін. Сақтап жүрген асықтарымды оларға беремін.

Ұлдарым әке жолын қуып, әртүрлі музыка аспабында ойнап ән айтады. Немерелерім Жансая мен Шынар, Аруна, Айзиялар да аспапта ойнап, ән салады. Немерем Абзал еркін күреске қатысады. Асық ойынына да қызығушылықтары бар.

Биылғы Наурыз мейрамын 10 күн тойлау жөніндегі бастаманы естіп, біліп отырмын. Өз басым бұл бастаманы қуана-қуана қолдаймын. Наурыз мерекесінің мәні өте тереңде жатыр. Сондықтан оның мәні мен мағынасын толық ашу үшін он күндей уақыт керек. Наурызды барлық жағынан атап өту дұрыс деп білемін,-дейді ол.

Жазиха әжеміздің үйінде Наурыз мерекесі күні бесбармақ, наурыз көже, бауырсық сынды тағамдар дайындалып, дастарханға құрт, сүзбе, жент,

ірімшік сынды құнарлы ұлттық тағамдар қойылады. Балалары, немерелері әжейді мерекесімен құттықтап келіп, үлкен дастархан басында бас қосады. Осындай кездері де мерекенің салтына сай Жазиха әжей көрші, ағайын-туысты да төріне шақырып, қонақ күтеді.

Көңілі көлдей Жазиха Шамшақызы 60 жыл қатарынан өзіне серік еткен тігін машинасымен тігін тігеді. Күні бүгінге дейін қыз жасауын жасайды, үйге қажетті көрпе, жастық тігеді. Немерелеріне қажет киімдерді тігіп береді. Оған балдай тәтті немерелері де риза болып, алғыстарын айтып жатады.

– Осы жасқа келіп өмірде отбасынан артық ештеңе жоқ екенін толық түсіндім. «Бала өскенше, немере өлгенше», – деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен.

Балаларымның қамын ойлап, осыларды өсіріп, әр қайсысын өз алдына үйлі еткенімше етегімнен немерелерім тартқылағанда үлкен бақытқа кенелдім. Қазір маған балаларымнан немерелерім ыстық. Олардың бір сөзін екі етпей, солардың көңілін бағып жүрмін. Баладан немере тәтті болады екен. Алла ешкімді ешқашан отбасы бақытынан айырмасын, биылғы сиыр жылында әр отбасына тілейтінім:

Отбасы, бала-шаға аман болсын,

Тыныштық баршаңызға заман болсын!

Бір Аллам таусылмайтын ырыздық беріп,

Жаюлы дастарханың асқа толсын!- деп Жазиха әжеміз көпке тілегін білдірді.

Барша халық асыға күтетін күн мен түннің теңелетін, жер гүлденіп, самарқанның қөқ тасының жібейтін күнінде барша тілегіміз қабыл болып, елімізде тек молшылық пен тыныштық орын алсын.

Редактор

Recent Posts

Аким Камыстинского сельского округа ответил на вопросы местных жителей

15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…

2 дня ago

Кто разносит газеты камыстинцам?

Так как сейчас идет подписная кампания 2025 года, в том числе на районную газету «Қамысты…

2 дня ago

Жылқышылықтан бригадирлікке көтерілді

Бауыржан Бакенов облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды (далее…)

2 дня ago

Қарабатырға Моңғолиядан үш отбасы көшіп келді

Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…

2 дня ago

Қамыстылық ардагер алғашқы төсбелгінің иегері!

Ұлттық валютамыз – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде биыл банк саласы ардагерлері…

3 дня ago

Жюри высоко оценило выступление камыстинских артистов на XXXVII областном конкурсе-фестивале «Өнеріміз саған, Казақстан!»

Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)

6 дней ago

This website uses cookies.