
«Бабалар ізімен» жобасы Қамыстыдан басталды
30 маусым күні Қамысты ауданында ұлттық рухты жаңғыртуға арналған «Бабалар ізімен» мәдени жобасы ресми түрде басталды.
Керуен құрамындағы ақындар, әншілер мен термешілер салт атпен өңірдің 5 ауданы мен 2 қаласын аралайды.
Жоба Қамысты ауданының 70 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – салт-дәстүр мен ұлттық өнерді ел ішінде дәріптеу.
Алда серілер тобы Лисаков қаласына, Тобыл стансасына, Рудный қаласына аялдап, соңғы нүкте – Қостанай ауданына жету.
Жоба жетекшісі, Қамысты аудандық мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Кәрімұлының айтуынша, бұл бастама бір реттік емес, болашақта тұрақты түрде ұйымдастырылатын жобалар қатарына енбек.
– Жобаның негізгі идеясы – салт-дәстүрді сахнада емес, шынайы өмірмен ұштастыру. Ата-баба жүрген ізбен атпен сапар шегіп, халықпен жүздесіп, ұлттық өнерді даланың төрінде дәріптеу бұрын-соңды болмаған ерекше формат. Жоба сәтті өтсе, келесі жылы бұл бағытты Арқалық, Аманкелді, Жанкелдин аудандарына қарай кеңейтеміз деген ойымыз бар, – дейді Еркебұлан Кәрімұлы.
Керуен сапары 2 шілдеге дейін жалғасады.
Шұға Қоңқабай
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31