
Бестөбеде абаттандыру жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қамысты ауданына қарасты ауыл аумағында темір қоршаулар орнату жұмыстары қарқын алды. Аталған мақсатқа аудан бюджетінен 44,9 миллион теңге бөлінді.
Сонымен қатар, биыл ауылда тозығы жеткен 16 ескі үй сүріліп, бұл жұмыстарға 8 миллион теңге игерілді. Құрылыс қалдықтары тазаланып, елді мекеннің көркі мен санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосуда. Бұл жұмыстарды Денисов ауданынан келген мердігер компания жүзеге асыруда.

Ауыл әкімі Серік Бисембаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:
– Елді мекеннің тазалығы мен тәртібі – тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар ауыл келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасатын болады, – деді ол.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
8 просмотров