Әскери ұжымда орын алатын түрлі жағдайға шекара сақшылары үнемі дайын
Кей-кейде жауынгерлік қызметті ұйымдастыру кезінде жарақат алған қарулас достарымызға алғашқы медициналық көмектің қажет болатын кездері де болады. Мұндай келеңсіз жағдайдың өмір болған соң кездесіп тұратыны бар.
Сондықтан да жеке құрамның денсаулығына жауапты штаттан тыс нұсқаушы санитарлардың кездесетін түрлі ауруға байланысты көрсетілетін алғашқы көмекке әзір болғаны ләзім. Ал медицина саласы да заманның ағымына байланысты жылдан жылға оң өзгерістерге ұшырап, қарыштап дамуда.
ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша Департаментінің штаттан тыс нұсқаушы санитарларымен «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК ұжымымен «Парамедик» бағдарламасы бойынша жиын өткізілді. Негізгі мақсаты – дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету әдісін үйрету, білімдерін пысықтау. Сонымен қатар жиынға қатысушыларға уланған, үсік шалған, күйік шалған, жүрегі тоқтаған, басынан күн өткен және короновирустық инфекция жұқтырған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйретті.
Жиын барысында әскери қызметшілер белсенділік танытты. Медицина саласының бүгінгі таңдағы жаңаша талаптары бойынша дәрістер алды. Практикалық сабақтарда жиын барысында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы мен Қостанай медициналық колледжінің ұжымы болашақта да штаттан тыс нұсқаушы санитарларға арналған жиынның жалғасын табатынына сенім білдірді.
Манарбек Қарекенов,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор
В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…
Участок №416, который находится в Камыстинской общеобразовательной школе №2, принимал голосующих семьями. (далее…)
В селе Камысты действует 4 участка референдума: №868 и №399 в Камыстинской общеобразовательной школе №1,…
Кафе «Нават» расположилось по улице Ленина села Камысты. (далее…)
Туған жерге адал қызмет етіп жүрген Раушан Махмудова жайлы бір үзік сыр. (далее…)
Сервис аудан тұрғындары арасында кең таралмай отыр. (далее…)
This website uses cookies.