Биылғы көктемгі егістік шаруаларға қолайлы болады деп болжануда. Синоптиктер мамырдың алғашқы қос онкүндігі орташа қоңыржай, ал айдың соңы күрт ысиды деген болжам жасап отыр.

Арасында бұлттанып, азғана жауын-шашын болмаса, жалпы күн ашық дейді. Осы уақытта тұқымды сеуіп үлгерсе, дәннің көктеуіне ауа райы өте қолайлы болатынын диқандар жақсы біледі. Өткен күздегі мол жаңбыр жерде тоң болып қалды. Оның үстіне қыстағы қардың жылдағы мөлшерден көп түсуі агроөнеркәсіп аймағы үшін сәтті болады деген сенім бар. Мұны көп мамандардан естіп келеміз. Лайым солай болғай!

Дегенмен, әр істің өз қиындығы бар. Әр серіктестік, шаруа қожалығы алды қыс бойы, қалды, ерте көктемнен машина-трактор паркін түгендей бастайды — техниканы сайлау, кем-кетігін түгендеу, қосалқы бөлшектерін жаңарту қатарлы шаш етектен жұмыстар бар. Жанар-жағармай жеткізіп қою да ерте бастан қамданатын шаруа. Бұған сапалы тұқым сатып алуды қосып қойыңыз. Міне, осының барлығы сақадай-сай болмай, ісің өнбесі анық.

Қамысты ауданындағы іргелі шаруа қожалықтарының бірі — Ливанов елді мекеніндегі «Алиев» ШҚ биылғы көктемгі егіс науқанына кірісіп кетті. Осы аптадан Мұрат Әлиев басқаратын ұжым егістік алқабындағы ылғал жабу жұмысын бастады.

– Көктемгі дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Дизель отыны жеткізілді, тұқым әзірленді. Механизаторлар өздеріне жүктелген міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Бастапқы жұмысымыз — көпжылдық шөптердің ылғалдылығын жабамыз.

Дүйсенбіден бері егістік алқаптарындағы ылғалды жабуды бастап жатырмыз, — деді шаруа қожалығының жетекшісі.

Бүгінгі таңда «Алиев» шаруашылығының жалпы аумағы 2,5 мың гектарға жуық. Негізгі бағыты — бидай мен сафлор.

– Біз тұқымның «Омская» және «Ершовская» сорттарын егеміз. Сәтін салса, алдағы 28 мамырға дейін оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әзірге ешқандай кедергілер немесе қиындықтар жоқ, — деді Мұрат Әлиев.

Ширек ғасырға жуық Қамысты өңірінің төсінде астығын орып отырған шаруа қожалығы сонау кеңестік дәуірден техника тізгіндеп келе жатқан мол тәжірибелі механизаторларды мақтан тұтады. Жақсылық Бекпутин, Болат Нұрпейісов, Михаил Кисель, Рашид Смағұловтар — «Алиев» шаруа қожалығы құрылғаннан бері еңбек етіп келе жатқан үлгілі мамандар. Кейінгі толқынға «Түйір нан – тамшы тер» тәмсілін өнеге қылатын да осы азаматтар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ.

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.