Алтынсаринда тұратын Жиембаевтар отбасының еңбек өтілі 229 жыл

Алтынсарин ауылында Жиембаевтар отбасын «мәуелі бәйтерек» санайды.Бір әулеттен тоғыз еңбек адамы шығып, олардың жалпы жұмыс өтілі 229 жылды құрайды Жиембаевтар отбасы Қамысты жеріне ұлағатымен белгілі отбасы. Олардың бір ерекшелігі – әкеден балаға жалғасқан диқандар. Өмірін ауыл шаруашылығына арнаған Жиембаевтар жайлы баяндамақпыз.

Көпке үлгі еңбектің қара торысы Ахмет атадан 10 ұл-қыздан, 12 немере, 5 шөбере тарады.

Ахмет Жиембаев 1937 жылы Филиппов кентінде дүниеге келген. Он алты жасында темір тұлпарға отырып, алғаш еңбек жолын «Бірінші май» колхозында тракторшы болып бастады. Оның алғашқы мұғалімі және тәлімгері Николай Яков еді. Оқу орындарында арнайы дайындықсыз келген ол Филиппов ауылының ең үздік механизаторларының бірі еді. Ахмет жүгері мен картоп сияқты қиын дақылдарды өсіруде талмай еңбек етті. Ол мықты жүгері өсіруші болды, ал 90-шы жылдары ол барлық Алтынсарин ауылын картоппен асырады.

Ахмет атаның мамандығы механизатор. Жиембаевтар әулеті ардагер диқандардың династиясы. Бұл әулеттен ауыл шаруашылығының тоғыз маманы шыққан.

Ахмет Сәрсекеұлы еңбекке жастайынан араласты. Ауылда еңбек жолын механизаторлықтан бастады. Жұбайы Ұрқия Шаймарданқызы совхозда түрлі жұмыстарды атқарды. Балалардың үлкені Рысалды Ахметқызы орталық асханада аспаз болып жұмыс істейді. Үйдің кенжесі Маржанкүл Ахметова Алтынсарин ауылындағы мектепте зертханашы.

Ахмет атамыздан тараған ұрпақ бүгінде әке ізін жалғастырып жүр. Ұлы Мұхамбет «Алтынсарин» ЖШС №1 бригадасында механизатор, Ал, Қайраты 1988 жылдан бері осы серіктестіктің №6 бригадасында тракторшы-механизатор. Талғаты ауылдағы машина трактор стансасында темір ұстасы болып жұмыс істейді. Қуат осы ауылдағы №3 бригадада дәнекерлеуші. Тек Нұрболаты ғана темір жол саласында жемісті еңбек етіп жүр.

«Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Князев оның еңбегін келер ұрпаққа айтпай кету мүмкін емес дейді.

«Ахмет Сәрсекеұлы сияқты адамдардың арқасында «Алтынсарин» ЖШС реформалардың күрделі жылдарында өзін сақтап қалды. Өмірден ерте кетсе де, өлшеусіз еңбегі қалды. Ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазір оның еңбек жолын Алтынсарин ауылында тұратын ұлдары мен немерелері жалғастырып жүр. Мен олардың Жиембаевтардың тегін лайықты түрде жалғастырып, әкесі мен атасына ұқсағанын қалаймын», – дейді Борис Князев.

Әулеттің үлкені Рысалды да қазіргі таңда немере, шөбере сүйіп отырған аяулы ана мен асыл әже.

– Еңбек жолын ауданда аспаз болып 1980 жылы бастадым. Одан кейін оқуды тәмамдаған соң ауылға оралып 22 жыл астық элеваторында жұмыс істедім. Егін науқаны кезінде жұмыс қыза түсетін. Астық қабылдайтынбыз. Жемді жүк көліктеріне тиеп тиісті жеріне жөнелтетінбіз. Осылайша бел жазбай жиырма жалдан артық жұмыс істедім. Жасым келіп қалған соң жұмыстың ауырлығынан орталық асханаға аспаз болып қайта ауыстым. Әйел адамға оңай емес. Зейнетке шығуыма бір жыл қалды. Бейнеттің зейнетін көрер күнді күтіп жүрмін, – дейді Рысалды Жиембаева.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,  Суреттер Жиембаевтар отбасының архивінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жюри высоко оценило выступление камыстинских артистов на XXXVII областном конкурсе-фестивале «Өнеріміз саған, Казақстан!»

Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)

3 дня ago

С введением национальной валюты в Казахстане началась новая веха работы  финансовой системы Камыстинского района

15 ноября отмечается профессиональный праздник работников финансовых структур, который напрямую связан с Днем рождения казахстанской…

6 дней ago

В этом году в Камыстинском районе было высажено 3500 деревьев

Районным отделом ЖКХ было приобретено 2800 штук без кома и 700 штук с комом саженцев…

7 дней ago

В Камыстинском районе ожидается запуск долгожданного водопровода

Подрядчик ТОО «Костанайсельхозводопроводстрой» завершает работы по опрессовке труб водоснабжения в селах Бестобе и Адаевка (далее…)

1 неделя ago

Более трех километров тротуарной брусчатки уложено в с. Камысты

Для удобства пешеходов она размещена по загруженным улицам - Гумилева, Ержанова, Кудайкулова, Ленина, Свердлова (далее…)

1 неделя ago

Қамыстының орталық көшелеріне 18 баған орнатылды

Аудан орталығы түнгі келбетімен көрікті. Орталық көшелердің, демалыс орындары мен аулалардың шамдары жарқырап тұрса, көзге…

1 неделя ago

This website uses cookies.