Қамысты ауданында 397 тұрғын еріктілер қатарына қосылды

Жайылма жерінде жыл басынан бері 30-дан астам экологиялық акция ұйымдастырылып, «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 75 жас жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген жастардың қатары артып келеді. Қамысты ауданында еріктілер қозғалысы жүйелі жолға қойылып, экологиялық бастамалар мен жастар жобалары тұрақты жүзеге асырылуда.

Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, бүгінде аудандық еріктілер штабында 80 белсенді жас бар. Ал еріктілік қызметке тартылған тұрғындардың жалпы саны 397 адамға жеткен. Олардың арасында 26 мемлекеттік қызметші де бар.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жастардың қатысуымен 30-дан астам экологиялық акция өткізілген. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау идеясын насихаттау мақсатында мыңға жуық бейнеролик әзірленіп, аудан тұрғындары арасында таратылған.

Ауданда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға да көңіл бөлінеді. Осы бағытта балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған «Көше FEST» жобасы тұрақты жалғасып келеді.

Жастарды еңбекке баулу бағытында «Жасыл Ел» бағдарламасы да өз нәтижесін көрсетуде. Жыл сайын жаз мезгілінде Қамысты ауылында жастар еңбек жасағы жұмыс істейді. Биыл бағдарлама аясында 75 жас жұмыспен қамтылып, оны жүзеге асыруға 9 миллион теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында «Үздік үй – Үздік аула» аудандық байқауы ұйымдастырылады. Байқаудың жүлде қоры – 1 миллион теңге. Бастама тұрғындарды өз аулаларын таза ұстап, елді мекендердің көркеюіне үлес қосуға ынталандыруды көздейді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер аудан әкімдігінен алынды

admin

Recent Posts

Қамыстыда спортқа серпін берілді

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және жастарды салауатты өмір салтына баулу – Қамысты ауданындағы…

9 часов ago

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

1 день ago

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

1 день ago

Қамыстылық ауыл шаруашылығы маманы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды

Алтынсарин ауылының тұрғыны, «Алтынсарин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Әбіл Балмағамбетов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»…

6 дней ago

Новые возможности для восстановления здоровья появились в Камыстинском районе

В районной больнице  появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…

1 неделя ago

В Камыстинском районе завершили уборку зерновых культур

Теперь аграриям предстоит решить не менее важную задачу - реализовать выращенное на выгодных условиях, обеспечить…

1 неделя ago

This website uses cookies.