Қамысты ауданында тұрғын үйлер салуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды

Қамысты ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту және ауылдық елді мекендерге қажетті мамандарды тарту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылмақ. 2026 жылғы 17 қарашадағы мәлімет бойынша, ауданда 214 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Осы мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін биыл жалпы ауданы 3 700 шаршы метр болатын 57 пәтер салу және қайта жаңарту жоспарланған.
Аталған мақсаттарға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бағыттау көзделіп отыр. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 856 миллион теңгеге 23 екі пәтерлі тұрғын үй салынады. Жалпы ауданы 2 960 шаршы метрді құрайтын бұл нысандарда 46 пәтер болады.

Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен төрт үй немесе төрт пәтер салу жоспарланған. Бұдан бөлек, 320 миллион теңгеге жалпы ауданы 740 шаршы метр болатын жеті үй қайта жаңғыртылмақ.

Жобалардың ерекшелігі – жаңа тұрғын үйлер салумен қатар, қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстарының да қолға алынуы. Бұл тәсіл құрылысқа жұмсалатын шығынды оңтайландырып, тұрғын үй қорын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңғыртылған баспаналарды ауданның ауылдық елді мекендеріне қажетті мамандарға ұсыну көзделген.

Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды.

«Біздің басты мақсатымыз – тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесін кезең-кезеңімен шешіп, ауданда қолжетімді баспана санын арттыру. Бұл ретте жаңа тұрғын үйлер салумен қатар, қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңғыртуға да басымдық беріп отырмыз. Мұндай тәсіл қаржыны тиімді пайдалануға және қысқа мерзімде қосымша тұрғын үй қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің дамуы үшін қажетті мамандарды баспанамен қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе, әлеуметтік сала қызметкерлерін ауылдарға тарту және олардың тұрақтап қалуына қолайлы жағдай жасау бағытында тұрғын үй мәселесінің рөлі ерекше», – деді аудан әкімі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

admin

Recent Posts

С начала 2026 года в Камыстинском районе провели 22 торговых мероприятия

На ярмарках реализовали около 109 тонн продукции на  порядка 23 миллионов тенге. (далее…)

2 часа ago

Молодёжь Камыстинского района включается в экологическое волонтёрство

Чистота родного села складывается из простых, на первый взгляд, вещей: не оставлять мусор после прогулки,…

2 дня ago

Қамыстының екі ауылында 4G мобильді байланыс іске қосылды

Қамысты ауданында цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. (далее…)

2 дня ago

Қамысты ауданына бес отбасы қоныс аударды

Қамысты ауданында еңбек ресурстарының тапшылығын азайту, жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердің кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету бағытында…

3 дня ago

Қамысты ауданында 5 мал қорымы салынып жатыр

Қамысты ауданында ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендердегі ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бағытында…

4 дня ago

Қамыстыда алты жобаға 68 миллион теңге бөлінді

Қамысты ауданында бағдарлама аясында жалпы сомасы 68 миллион теңгеге алты жоба қаржыландырылды. Қаражат мал…

4 дня ago

This website uses cookies.