Қамысты ауданының оқушылары облыстық жас көшбасшылар форумына қатысты

Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!» атты облыстық форум өтті.

Маңызды шараға Қамысты ауданынан да оқушылар қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін толықтырып қайтты.

Форумға Қамысты ауданының Қамысты №1, Қамысты №2, Қарабатыр және Краснооктябрь жалпы білім беретін мектептерінен барлығы 5 оқушы қатысты. Олар мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға белсене араласты.

Облыстық форумның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғам өміріне үлес қосуға дайын жауапты көшбасшыларды тәрбиелеу.

Іс-шара барысында қатысушылар шақырылған сарапшылармен кездесіп, тәжірибе алмасты, пікірталастар мен интерактивті сессияларға қатысты. Сондай-ақ медиа саласының өкілдері – блогер Артём Лисогор мен шоумен, жүргізуші әрі режиссер Жалғасбек Шөкеновпен кездесіп, аудиториямен байланыс орнату, тың идеяларды жүзеге асыру және ортақ мақсатқа жұмылу жөнінде пайдалы мағлұмат алды.

Форум аясында жастар «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын талқылап, мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы ой бөлісті. Мұндай кездесулер оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып қана қоймай, олардың жауапкершілігін арттырып, жаңа бастамаларға жол ашады.

Форумға қатысқан оқушылардың бірі өз пікірін білдіріп, мектеп парламентінің президенті болу үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Оның айтуынша, көшбасшы оқушылардың мүддесін қорғап қана қоймай, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Ал «Заң мен тәртіп» бағыты жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, болашақта қоғам мен елдің дамуына үлес қосатын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Облыстық форум Қамысты ауданының оқушыларына жаңа білім алып, тәжірибе жинақтауға, өзге мектептердің белсенді жастарымен танысып, тың идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті жолдаған Дина Нұғманова

admin

Recent Posts

Қамысты өңірі: Арқа ауылы үздік ауыл атанды

«Үлгілі ауыл – Лучшее село» облыстық байқауында Арқа ауылы «Үздік ауыл» аталымында жеңімпаз атанды. (далее…)

21 час ago

Қамыстыда қоқыс шығаратын жеке кешен іске қосылды

Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)

5 дней ago

В Камыстинской районной больнице продолжают привлекать молодых специалистов

Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)

6 дней ago

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

7 дней ago

В Камысты жители могут бесплатно заниматься на тренажёрах, играть в волейбол и мини-футбол

В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)

7 дней ago

Қамыстыда оқушыларға адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсіндірілді

Аудан әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 8-11-сынып оқушыларымен кездесіп, заңға құрмет, әділдік және жеке жауапкершілік…

1 неделя ago

This website uses cookies.