Қамысты ауданының шалғай елді мекендері ауа райының қолайсыздығын қалай еңсеріп жатыр?

Бораннан кейін алыс ауылдардың қары тазаланып жатыр. Арқа, Талдыкөл, Фрунзе селоларының кіреберісін қардан аршуға техника шықты.

Сейсенбі күні боранның беті қайтты. Былтырғыдан қарағанда қар қалың. Биыл тазалық жұмыстары бойынша бірнеше мердігер мемлекеттік тапсырысты ұтты. Әр бағыт бойынша арнайы техника үлгеру үшін биыл олар тез жол аршуға күш салады. Ауыл ішінің жолдары жергілікті серіктестіктер мойнында.

«Ауылдар бойынша проблема жоқ. Боран салдарынан кейін Фрунзе ауылының жарығы өшті. Бірақ ұзатпай, жедел қосылды. Электр жарығы барлық жерде бар. Боранды күндері жарықтың арасында сөніп қалған кездері болды. Біздің мақсат – электр қуатының үзілісіне жол бермеу, жылу беретін қазандықтарды қалпында сақтау.

Ауылдардың арасындағы жолдарды да қалыпты ұстап тұрамыз. Боран басып тастаса, тиісті жол тазартушы мекемелер барып тазартады. Кейде ауыл арасындағы жолдарды түнде соққан боран жауып, қатынай алмай қалған кездер кездеседі. Бірақ ондай жағдай ұзаққа созылмайды, арнайы мердігерлер тез жол ашуға күш салады», – дейді Қамысты ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Юсупов.

«Қазірдің өзінде қар қалың, ауыл-аймақты тегіс қымтады. Бірақ солай екен деп, қыс қаһарына ұшырап қыспақ көріп отырғандар да жоқ. Ауа райының төтенше жағдайларында болмаса, жолдармен көліктер жүріп жатыр. Қамысты ауданның үстімен Ақтөбе жолы өтеді. Сондықтан ауылдарға мұндай қатты боранды, аязды күндері жолға шықпаңыздар деп, ескертіп отырамыз, – дейді төтенше қызмет мамандары.

Қазір қыстың ауыр жағдайын ескеріп, ауданда да, ауылдарда да кезекші қойылған. Электр желілері, жылу қазандықтары бақылауға алынған.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.