Қамысты: «Ауыл аманаты» арқылы Сәуле Алшынбаева шаруашылығын кеңейтті

Ол мал шаруашылығын дамытпақ.

Қамысты ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары кәсіптерін дамытып келеді. Солардың бірі – Аралкөл ауылының тұрғыны Сәуле Алшынбаева.

Елімізде ауылды қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. AMANAT партиясы бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастауға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қамысты ауданына қарасты Аралкөл ауылында тұратын Сәуле Алшынбаева осы бағдарламаның игілігін тиімді пайдаланып отыр. Ол «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 9,5 млн теңге көлемінде несие алған. Қаржы жылдық 2,5 пайызбен 7 жыл мерзімге рәсімделген. Бағдарлама шарттарына сәйкес, алғашқы екі жылда негізгі қарызды өтеу қарастырылмаған.

Алынған қаражатқа кәсіпкер отбасы Федоров ауданындағы шаруашылықтан 13 бас асыл тұқымды қашар сатып алған. Әрқайсысының бағасы шамамен 600 мың теңгені құрап, жалпы сомасы 7,8 млн теңгеге жеткен. Қалған қаражат мал азығы мен қажетті шығындарға жұмсалған.

Қазіргі таңда шаруашылықта 13 қашар, 2 сиыр және 11 бұзау бар. Оның ішінде бірнеше қашар бұзаулап үлгерген.

– Қазір бес қашарым бұзаулады. Мал басы біртіндеп көбейіп келеді. Сүтті өзіміз өңдеп, айран, қаймақ, май дайындаймыз. Бұл отбасымызды табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді Сәуле Алшынбаева.

Кәсіпкер мамандығы бойынша мал дәрігері. Бұрын қалада жұмыс істегенімен, кейін ауылға оралып, өз кәсібін дамытуды жөн көрген.

– Қалада тұрғанда көп уақыт жолға кететін. Сол себепті ауылға келіп, өз ісімізді бастадық. Қазір әрі мал өсіремін, әрі ауылда мал дәрігері болып еңбек етемін, – дейді ол.

Отбасы мүшелері де шаруашылық жұмысына белсенді қатысады. Жұбайы да осы салада еңбек етеді, ал балаларының бірі білім алуда, екіншісі аудан орталығында жұмыс істейді.

Алшынбаевтар алдағы уақытта мал басын көбейтіп, сүт бағытындағы ірі қара санын арттыруды жоспарлап отыр. Әсіресе ұрғашы төлді қалдыру арқылы шаруашылықты кезең-кезеңімен кеңейту көзделген.

– Бұл несие біз үшін тек қаржылай қолдау емес, болашаққа жасалған маңызды инвестиция. Шаруашылығымызды кеңейтіп, тұрақты табыс көзін қалыптастыруды мақсат етеміз, – дейді қожалық иесі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің өзінен алынды

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.