Аудандық Мәдениет үйінде «Жайылма» театрының спектаклі – Бексұлтан Жәкиевтің «Әке тағдыры» шығармасы сахналанды.
Қойылым соғыстан қайтпаған баласын әлі күнге дейін күтіп, үмітін үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның тағдыры төңірегінде өрбиді. Осы арқылы тұтас бір дәуірдің зары мен төзімі көрерменге жеткізіледі.
Спектакльдің көркемдік жетекшісі – Еркебұлан Кәрімұлы. Оның жетекшілігімен қойылым көркемдік шешімі мен актерлік шеберлікті үйлестіріп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Басты рөлдер мен актерлар: Ақылбек – Мәди Байзақов, Зура – Перизат Көпшілік, Шаршеке – Асылхан Байжан, Бурыл – Диляра Альмухамедова, Оңалқан – Ақбидай Жеңісхан, Майраш – Балқадиша Әбішқызы, Жеңісбек – Әлинұр Әлімбаев,
Ермек – Төлепберген.
Қойылым көрермендердің көңілінен шықты және театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды болды. Премьераға келген көрермендер қойылымды жылы қабылдап, залда көзіне жас алмаған жан қалмады.
Ауданымызда өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Театр қойылымдары қоғамдық өмірдің рухани дамуына, адамгершілік пен патриоттық тәрбиеге үлес қосып келеді. «Жайылма» театрының бұл спектаклі аудан мәдениетінің дамуына қосылған маңызды қадам болып саналады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді аудандық мәдениет үйі ұсынды
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
This website uses cookies.