Қамысты ауданының тұрғыны, үш баланың анасы Диана Нестерова мемлекеттік грантты тиімді пайдаланып, ауылда табысты кәсіп бастаған жандардың бірі.

Бүгінде ол табиғи сүт өнімдерін өндірумен айналысады.

Диана – көпбалалы ана. Үлкен қызы ерекше күтімді қажет етеді және Қостанай қаласындағы түзету мектебінде оқиды. Жол шығындары мен оқу қажеттіліктері отбасылық бюджеттің негізгі бөлігін қамтып отыр. Бірақ бұл қиындықтар кәсіп бастауға кедергі емес, керісінше, себеп болды.

«Қол қусырып қарап отырмай, өз кәсібімді бастауым керек деп шештім», – дейді Диана.

Алынған қаражатқа Диана 3 бас ірі қара мал сатып алады: 2 торпақ – өсім алу, табынды ұлғайту мақсатында, 1 сементаль тұқымды сауынды сиыр – сүт бағытында.

Малды таңдау, іздеу – оңай болған жоқ. Өз ісіне мұқият қараған ерлі-зайыпты Нестеровтар тёлкаларды Жітіқара ауданы, Тоқтарово ауылынан, ал сауын сиырды Денисов ауданындағы Антоновка ауылынан сатып алды. Сиыр жуас, қолға тез үйреніп, сүтті жақсы береді. Ал тёлкалар жас болғандықтан әзірге аулада бағылуда. Жерге үйреніп, жуасып алған соң, келесі жылы табынға қосу жоспарланған.

Барлық мал ветеринарлық бақылаудан өтіп, арнайы карантин мерзімінен кейін ғана жайылымға шығарылған. Денсаулығы жақсы, құжаттары түгел.
Қазір Диана бір сиырдан сүт сауып, ауылдастарына табиғи сүт, май, қаймақ, сүзбе сата бастады. Тұрақты тұтынушылары пайда болып, көрші ауылдардан да хабарласатындар бар. Өнімінің табиғилығын көрген жұрт қайта-қайта келіп жатады.

«Көп емес, бірақ алғашқы табыс бар. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Таза өнім ұсынып, халықтың алғысын алу – еңбегімнің жемісі», – дейді ол.
Кәсібін «Нестерова» жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, барлық салықтық есептерін заңды түрде тапсырып отыр. Қасында кеңес беріп, қолдау көрсетіп жүрген тәжірибелі бухгалтер – Измаил Иставлетов.

Диана бұған дейін бірнеше жұмыс орнында еңбек еткен: 2023 жылы ТОО «Қайрат» мекемесінде, кейінірек ТОО «КАМЫСТЫ» ұйымында су бақылаушы болып істеген. Бірақ үй, бала-шаға, ерекше күтімді қажет ететін баласының жағдайына қарай, ресми жұмыстан шығып, өз ісін бастау жолын таңдаған.

«Ауылда кәсіп жасау – оңай емес. Бірақ мүмкіндік берілсе, әр адам өз орнын таба алады. Мал ұстау – маған бала кезден таныс іс. Тек бастауға серпін керек болды. Сол серпінді мемлекет берді», – дейді кәсіпкер.

Алдағы жоспары – мал санын көбейтіп, өнім түрлерін арттыру. Сүт өңдеу цехын ашуды, сүтті тереңірек өңдеуді, қатық, йогурт, ірімшік шығару ісін қолға алуды да армандайды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.