Қамысты ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені салынады

Қамысты ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ.

Бұл жоба «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Жаңа спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.

-Мердігер – «ЭксклюзивСтрой» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Жалпы сомасы 795,6 млн теңге. Техникалық қадағалауды «АлауЭксперт Инжиниринг» ЖШС ұтып алды. №91 келісімшарт бойынша жалпы сомасы 16,3 млн теңге. Ал, авторлық қадағалау – «Бак Проект» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Құны – 4 млн теңге. Жалпы 1892 шаршы метрді алып жатқан екі қабатты ғимаратты салу жобасының құны – 815,9 млн теңге, – дейді Қамысты аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Алмат Елемесов.

Спорт залы – әртүрлі спорттық жарыстар мен жаттығулар өткізуге арналған кең зал. Фитнес залы – дене шынықтыруға арналған заманауи құралдармен жабдықталады. Би залы – түрлі шығармашылық және би үйірмелері жұмыс істейтін орын. Әдістемелік кабинеттер – жаттықтырушылар мен спорт мамандары үшін жұмыс кеңістігі.

Қамысты аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Алмат Елемесовтің айтуынша, қазіргі таңда жобаның техникалық шешімдері мақұлданып, құрылысқа қажетті металл өнімдері дайындалуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталып, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

Жаңа спорт орталығы Қамысты ауылының тұрғындары үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Бұл кешен ауыл балалары мен жастарының кәсіби спортпен айналысуына, спорттық шаралар өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Жоба толық аяқталғаннан кейін, Қамысты ауылының тұрғындары заманауи спорт нысандарында жаттығу жасап, денсаулығын нығайта алады.

Айта кету керек, бүгінгі күні барлық аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде тоғыз кешеннің құрылысы басталып кеткен болса, тағы үш кешеннің құрылысы енді басталады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы стали чемпионами Костанайской области по бирманскому боксу

В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…

2 часа ago

Школьники Камыстинского района стали финалистами республиканской олимпиады IQanat

В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…

5 часов ago

В Камыстинском районе открыли новый пункт пожаротушения

Он был оборудован в селе Клочково в рамках программы «Ауыл құтқарушылары». (далее…)

6 дней ago

Қамысты ауданы: жастар неге ауылдан қашады?

Осы мәселе әкімдік отырысында көтерілді. (далее…)

7 дней ago

Не одно десятилетие династия ветеринаров Башпаевых обеспечивают здоровье животных в Камыстинском районе

Братья Кажимукан, Валихан и Ермек Башпаевы посвятили свою жизнь ветеринарной службе, а сегодня семейное дело продолжает…

1 неделя ago

This website uses cookies.