Мал соңында жүргендерге әлеуметтік қолдау артуы мүмкін.

Қамысты өңірінде мал шаруашылығы – ауыл тіршілігінің негізгі тірегі. Таңнан кешке дейін тыным таппайтын малшылардың еңбегі көзге көп көріне бермегенімен, оның артында үлкен жауапкершілік пен төзім жатыр. Бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген жандарға қатысты маңызды мәселе – малшылар мен шопандардың зейнеткерлік жасын төмендету бастамасы қоғам талқысында тұр.

Бұл ұсыныс 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жоспары аясында қарастырылуда. Негізгі мақсат – ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың еңбегін әділ бағалау.

Қарабатыр ауылындағы агрофирмада аға малшы болып еңбек етіп жүрген Болат Мырзакаев – осы саланың ауыр бейнетін күнделікті сезініп жүрген еңбек адамы. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы ірі қара бағып, бүгінде 130 бас малды күтіп отыр.

– Мал бағу – жай жұмыс емес, бұл өмір салты. Қыстың қақаған суығы, жаздың аптап ыстығы – бәріне төзу керек. Мал ешқашан демалмайды, сол себепті малшы да тыным таппайды, – дейді ол.

Тәжірибелі малшының айтуынша, бұл кәсіп үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан зейнет жасын төмендету бастамасы – еңбек адамдарына көрсетілген қолдаудың бір түрі.

– Егер бұл шешім қабылданса, біз сияқты ауылда еңбек етіп жүрген жандар үшін үлкен жеңілдік болар еді. Еңбектің еленгені деп білеміз, – дейді Болат Мырзакаев.

Жаңа кешенді жоспар аясында тек зейнет жасын төмендету ғана емес, ауыл еңбеккерлеріне арналған өзге де әлеуметтік қолдаулар қарастырылуда. Атап айтқанда, шопандардың балаларына білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, жеңілдетілген несие беру және мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа жобалар іске асырылмақ.

Сарапшылар бұл бастаманы әлеуметтік әділеттілікке бағытталған маңызды қадам ретінде бағалап отыр. Себебі мал шаруашылығы – физикалық күш пен тұрақты еңбекті талап ететін ең ауыр салалардың бірі.

Қамысты өңірінің малшылары үшін бұл өзгерістер жаңа үміт пен қолдау ретінде қабылдануда. Егер бастама жүзеге асса, ол тек еңбек жағдайын жақсартып қана қоймай, ауыл жастарын осы кәсіпке тартуға да ықпал етпек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет кейіпкерден алынды

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

10 часов ago

Қамыстыдағы жаңа спорт кешенінде жүзден астам бала жаттығып жүр

Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…

13 часов ago

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

1 день ago

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

1 день ago

Қамыстыда спортқа көңіл бөлінуде

Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)

2 дня ago

Қамыстыда бес отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.