Биыл Қамысты ауданы бойынша иесі бар 143 итке чип салынды. Сонымен қатар, 16800 бас ірі қараға, 18 мың Қамбар ата түлігіне, 5 мың доңызға арнай белгі салынған. Бұл туралы Қамысты аудандық ветеринариялық станция басшысы Дулат Жұмабаев айтып берді.

Чиптеу – бұл бірегей 15 таңбалы нөмірі бар жануарлардың (иттердің, мысықтардың) микрочипін имплантациялау болып табылатын электрондық бірдейлендіру. Жануар және оның иесі туралы барлық ақпарат (бірегей код) «Pet Control» аудандық деректер қорына енгізіледі. Бағдарлама аудандағы жануарлардың есебін дұрыс жүргізу және жоғалып кеткен үй жануарының иелерін жедел іздестіру үшін қажет.

Бұдан басқа, чиптеу рәсімі үйсіз жануарлар санының өсуіне қарсы күрес жүргізудің ең тиімді шарасы. Қаңғыбас жануарлардың санына әсер ететін жайттардың қатарына иелерінің тарапынан болатын жауапсыздық, оларды бақылаусыз өсіру, азық базасын іздестіру мақсатында қаңғыбас жануарларды Қамысты ауданының аумағынан көшіру жатады.

-Жыл сайын иттер мен күшіктерге құтыруға қарсы вакцина салдырумен қатар жүргізіледі. Сонымен қатар, аслдандырумен айналысатын барлық ұйым жануарлары чиптеуге міндетті, – дейді Дулат Жұмабаев.

Енді үй иелері жануарларын тіркетпесе, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі жоғарылайды. Яғни, енді адамдар үйде асырап отырған жануарына заңды түрде жауапты болмақ.

«Біз қаңғыбас мысықтар мен иттерді бұрын үй жануарларына жатқызып келдік. Егер олар анықталып, тіркеуге алынса, онда, ертең үй жануарлары үйінен қашып немесе адасып қалып жатса, оларды оңай таба аламыз, Екінші жағынан, жануар санының тоқтаусыз өсіміне жол бермес үшін де бұл шара қажет», – дейді тұрғындар.

Еске салайық, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, республикада үй жануарларын чиптеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, міндетті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.