Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды
Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Жобаға облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген.
Аудан әкімінің айтуынша, жұмыстар санация әдісімен жүргізілген. Бұл қолданыстағы құбырларды толық ауыстырмай, олардың пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіруге мүмкіндік берген.
«Санация әдісін қолдану арқылы қолданыстағы су желілерін толық ауыстыру қажеттілігі болмады. Нәтижесінде бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға мүмкіндік алдық», – деді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Су тарту жұмыстары 2026 жылғы 6 тамызда толық аяқталған. Қазіргі уақытта Қамысты ауданындағы 17 ауылдық елді мекеннің 14-і орталықтандырылған сумен жабдықталған. Бұл халықтың 98 пайызына, яғни 10 184 тұрғынның 9 981-іне ауызсу жүйесі қолжетімді деген сөз.
Әкімдік мәліметінше, Клочков ауылындағы жаңғырту жұмыстары су желілерінің сенімділігін арттырып, тұрғындарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет аудан әкімдігінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31