Қамыстыда бес отбасы баспаналы болды

Олардың арасында жалғызбасы әке де бар

Қамысты ауданында тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Алты айдың қорытындысы бойынша ауданда тұрғын үйге мұқтаж ретінде 212 азамат есепте тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін биыл 34 тұрғын үй немесе 57 пәтер салу және қайта жаңғырту жоспарланған. Жобалардың жалпы аумағы 3,7 мың шаршы метр, ал құны 1 млрд теңгеден асады.

Облыстық бюджеттен 856 млн теңге бөлініп, 23 екіпәтерлі тұрғын үй салынбақ. Нәтижесінде жалпы аумағы 2 960 шаршы метр болатын 46 пәтер пайдалануға беріледі. Ал жеке инвестициялар есебінен тағы 4 үй немесе 4 пәтер салынып, 7 үй қайта жаңғыртылады. Бұл жобалардың жалпы құны 320 млн теңге, ал тұрғын үй аумағы 740 шаршы метрді құрайды.

«Бұл тәсілдің тағы бір артықшылығы бар. Бір жағынан, жаңа үй салуға кететін шығынды айтарлықтай арттырмай, тұрғын үй ұсынысын көбейтуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, елді мекендерге қажетті мамандарды тартуға жол ашады», – Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалықтың бірі – Қамысты ауылында бес отбасының жаңа баспанаға ие болуы. Арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа салынған, аумағы 80 шаршы метр болатын жайлы пәтерлердің кілтін қоныс иелеріне табыстады.

Аймақ басшысының айтуынша, соңғы үш жарым жылда Қостанай облысында шамамен 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 18 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарған.

Қамысты ауданында да оң динамика байқалады. Соңғы үш жылда мұнда 120 отбасы баспаналы болған. Қазір мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтар үшін тағы 36 пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауданда тұрғын үй құрылысына жеке сектордың қатысуы да артып келеді. 2023 жылдан бері жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 840 млн теңге болатын 34 тұрғын үй салынған.

Жаңа пәтер кілтін алғандардың қатарында Светлана Сәлімжанова, Шынар Щипанская, Ерболат Оралбаев, Анжела Эпштейн және Гүлсім Арысбаева бар.

Қоныстанушылар атынан сөз сөйлеген Шынар Щипанская үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды.

«Шынымды айтсам, мен өте қуаныштымын! Бұрын басымда баспана жоқ еді, міне, бүгін отбасымызбен үлкен, жап-жаңа пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Көрсетілген осындай зор қолдау мен қамқорлық үшін Мемлекет басшысына және облыс, аудан басшыларына шексіз алғысымызды білдіреміз», -деді Шынар Щипанская қуанышын жасыра алмай.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда қоқыс шығаратын жеке кешен іске қосылды

Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)

4 дня ago

В Камыстинской районной больнице продолжают привлекать молодых специалистов

Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)

5 дней ago

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

6 дней ago

В Камысты жители могут бесплатно заниматься на тренажёрах, играть в волейбол и мини-футбол

В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)

6 дней ago

Қамыстыда оқушыларға адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсіндірілді

Аудан әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 8-11-сынып оқушыларымен кездесіп, заңға құрмет, әділдік және жеке жауапкершілік…

1 неделя ago

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

2 недели ago

This website uses cookies.