Биыл серіктестік 1 460 гектар алқапқа дән септі

Қамысты ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі – Ливанов елді мекенінде орналасқан «Әлиев» шаруа қожалығы биылғы жылғы көктемгі егіс науқанын қорытындылады. Биыл серіктестік 1 300 гектар алқапқа дән септі. Қазір барлық өңірде дала жұмыстары аяқталуда. Егін егуге ауа райы да қолайлы болып тұр.

Көктемгі егіс науқаны – күзгі жиын-терін мен мол өнімнің негізін қалайтын ең жауапты кезең. Сондықтан әрбір шаруа қыс бойы, ерте көктемнен бастап машина-трактор паркін сайлап, кем-кетігін түгендеуге кіріседі. Техниканы баптау, қосалқы бөлшектерді жаңарту және жанар-жағармай мен сапалы тұқымды ерте бастан қамдау – істің өнімді болуының басты кепілі.

Мұрат Әлиев басқаратын шаруа қожалығы бұл маңызды кезеңге тас-түйін дайындықпен келген.

«Әлиев» шаруа қожалығының басты ерекшелігі – олар ешқандай мемлекеттік субсидияға немесе банктік несиелерге иек артпай, тек өз күштерімен жұмыс істейді. Тәуелсіз қаржылық ұстаным мен тиімді менеджменттің арқасында шаруашылық биыл да көктемгі дайындықты ойдағыдай аяқтаған.

«Көктемгі дайындық ойдағыдай өтті. Дизель отыны уақытылы жеткізіліп, тұқым әзірленді. Механизаторлар өздеріне жүктелген міндеттерге бірден кірісіп кетті. Әзірге ешқандай кедергілер немесе қиындықтар туындаған жоқ», – деді шаруашылық жетекшісі Мұрат Әлиев науқан барысында.

Бүгінгі таңда шаруашылықтың жалпы аумағы 2,5 мың гектарға жуықтайды. Мұндағы негізгі бағыт – бидай мен сафлор (мақсары) өсіру. Биылғы егіске тұқымның сапалы әрі өңір климатына төзімді «Айна» және «Ершовская» сорттары таңдалып алынған. Шаруалар жоспарланғандай, 28 мамырға дейінгі оңтайлы агротехникалық мерзімде негізгі жұмыстарды еңсеріп үлгерді.

Бұдан бөлек, аталған шаруашылық Ақтөбе жеріне 600 гектар сафлор ексе, Жетіқара жеріне 1000 гектар бидай септі.
Биылғы науқанда 1 300 гектар алқапқа дән сіңіру үшін заманауи және қуатты техникалар кешені жұмылдырылды. Соның ішінде егіс даласында мынадай техникалар паркі үздіксіз қызмет көрсетті. 7 дәнді дақылдарға арналған классикалық сепкіштер, тұқым себетіні тіркелген 1 қуатты «BUHLER» VERSATILE-2375 тракторы, МТЗ-1222.3 тракторы мен БЗЦ-12.2 шынжырлы жер тырмасы, БЗЦ-12.2 тырмасымен жабдықталған 1 МТЗ-1222.3 тракторы, 1 әмбебап ауыл шаруашылық техникасы және бар.

Жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу үшін егістік басында еңбек екі ауысымда ұйымдастырылды. Нәтижесінде сеялка агрегатының тәуліктік өнімділігі 150 гектарға дейін жетті.

Қамысты өңірінің төсінде ширек ғасырға жуық уақыт бойы астық өсіріп келе жатқан шаруа қожалығының басты байлығы – оның адал еңбекшілері. Мұнда сонау кеңестік дәуірден бері техника тізгіндеп, жер ананың тілін тапқан мол тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Шаруашылық құрылған күннен бастап тер төгіп келе жатқан үлгілі мамандар – Жақсылық Бекпутин, Болат Нұрпейісов, Михаил Кисель, Рашид Смағұлов, Александр Папшев.

Осы ардагер азаматтар бүгінде кейінгі толқын жастарға «Түйір нан – тамшы тер» деген аталы тәмсілді іспен де, сөзбен өнеге қылып келеді. Дала еңбеккерлерінің осындай қажырлы еңбегінің арқасында биылғы көктемгі егіс науқаны сәтті аяқталып, болашақ мол өнімнің негізі қаланды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Recent Posts

Сборная Камыстинского района победила в спартакиаде среди госслужащих Костанайской области

C 28 по 31 мая в городе Костанае состоялась спартакиада среди административных и политических государственных…

7 дней ago

Қарабатыр мектебінде жылыжай пайда болды

Оқушылар алғашқы өнімді күтуде  (далее…)

2 недели ago

Қамыстыда жазғы лагерь жұмысы 1 маусымда басталады

Биыл 1221 бала жазғы демалыспен қамтылады. (далее…)

2 недели ago

Приезжать работать в Камыстинский район призвали молодых людей аксакалы

В Камыстинской общеобразовательной школе №1 состоялась профориентационная встреча выпускников с представителями районного Совета ветеранов, Карьерного…

3 недели ago

В Камыстинском районе организовали благотворительную акцию по благоустройству мечети

Жители села Жайылма объединились ради благого дела. 13 мая в селе Камысты коллектив Жайылминской основной…

3 недели ago

Қамыстыда өрт қауіпсіздігі бақылауда

Профилактикалық жұмыстар мен рейдтер саны артты. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.