Қамыстыда көктемгі дала жұмыстарын дайындық қалай?

Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық белсенді түрде жүргізілуде.Ауданның егіс алаңдарының құрылымы, тұқыммен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштармен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларының дайындығы бойынша нақты жоспарлар бекітілген. Қамысты аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары осылай дейді.

-2025 жылға ауылшаруашылық дақылдарының егіс алаңдарының құрылымы әртараптандырылып, Жол картасының индикативті көрсеткіштеріне сәйкес, бидай алқабы – 271,2 мың га (2024 жылмен салыстырғанда 9,9 мың га өсім), арпа – 18,1 мың га (2024 жылмен салыстырғанда 1,3 мың га өсім), майлы дақылдар – 41,1 мың га (2024 жылмен салыстырғанда 31 мың га өсім), біржылдық шөптер – 5,2 мың га (2024 жылмен салыстырғанда азаюы), картоп – 157 га. Сонымен қатар, аудан аумағында су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған алаң көлемі 520 га құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылы 120 га болған еді (ТОО «Алтынсарино»), – дейді Қамысты аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің агрономия жөніндегі әдіскері Әсел Қармақова.
Тұқым жаңарту көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады. Биылғы жылға жоспарлы тұқым жаңарту көрсеткіші 10,7% құрайды, яғни 3,7 мың тонна элиталық тұқым егуге дайындалған. Қазіргі уақытта 34,8 мың тонна тұқым зертханаларға жіберіліп, толықтай тексерілген және тұқымдардың барлығы кондициялық деп танылған.

2024 жылы жоспарланған 27,4 мың тонна минералды тыңайтқыштың тек 632 тоннасы алынған. 2025 жылға минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жоспары 21,5 мың тоннаға белгіленген. Бүгінгі таңда аммиак селитрасы мен аммофос сатып алуға 25 шаруашылықтан өтініштер түскен, ал ақпан-наурыз айларында тыңайтқыштарды сатып алу бойынша келісімшарттар жасалатын болады.
Көктемгі дала және орақ жұмыстарын жүргізу үшін аудан шаруаларына 10,6 мың тонна жанар-жағармай материалдары бөлінген, оның 5,2 мың тоннасы көктемгі дала жұмыстарында қолдануға жоспарланған. Қазіргі уақытта 62 электронды өтініш түсіп, олардың ішінде 40 шаруашылық жанар-жағармай жеткізетін операторын таңдаған.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында аудан шаруаларынан 608,3 млн теңге көлемінде 16 өтініш қабылданды. Оның ішінде: «Кен Дала» бағдарламасы бойынша 2 өтініш 368,8 млн теңгеге мақұлданды, «Кен Дала 2» бағдарламасы бойынша 4 өтініш 232 млн теңгеге мақұлданды, «Агро Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 өтініш 12,5 млн теңгеге мақұлданды.

-2025 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайын ауылшаруашылық техникаларының саны айтарлықтай көп. Жоспар бойынша көктемгі дала жұмыстарында 803 трактор, 161 егіс кешені және 1349 себу қондырғысы қатысады. Қазіргі таңда техникалардың дайындығы 97%-ды құрайды. 2024 жылы 70-ке жуық жаңа техника мен ауылшаруашылық жабдығы сатып алынып, 160-тан астам техника жойылды. Машина-трактор паркін жаңарту пайызы 6,1%-ды құрады, – Әсел Қармақова.

Қамысты ауданының аграрлық секторы үшін 2025 жылға көктемгі дала жұмыстарына дайындық барлық бағыттар бойынша жоғары деңгейде жүргізілуде. Егіс алаңдарын әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай материалдары, ауылшаруашылық техникаларының дайындығы – барлығы осы жылдың егіс науқанын сәтті өткізу үшін толық дайын. Аудан аграрийлерінің жүйелі жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын тиімді және уақытында өткізуге мүмкіндік береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Камыстинском районе начал работу Совет биев, созданный при районном Совете ветеранов

Аксакалы будут помогать жителям решать споры без суда. В состав совета вошли уважаемые аксакалы, почётные…

2 часа ago

165 семей в Камыстинском районе были обеспечены датчиками угарного газа

Сотрудники отдела по чрезвычайным ситуациям Камыстинского района совместно с представителями местных исполнительных органов посетили дома отдельной категории…

8 часов ago

В селе Камысты продолжается строительство физкультурно-оздоровительного комплекса

Новый объект станет важной частью спортивной инфраструктуры района и откроет большие возможности для занятий физической…

24 часа ago

Қамыстылық ақын Нағашыбай Ақылжан аймақтық айтыста топ жарды

Рудныйда «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына…

4 дня ago

This website uses cookies.