Қамыстыда оқушыларға адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсіндірілді

Аудан әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 8-11-сынып оқушыларымен кездесіп, заңға құрмет, әділдік және жеке жауапкершілік тақырыптарын талқылады.

Жақында Қамысты ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектепте «Адалдық – басты қағида» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараға 8-11-сынып оқушылары қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» ұғымы туралы ақпарат алды.

Кездесуді Қамысты ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Галина Серікбаева өткізді. Шара барысында парасаттылық, адалдық, әділдік және адамның өз таңдауы үшін жауапкершілік алуы мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуде оқушыларға адал азаматтың негізгі қасиеттері түсіндірілді. Олардың қатарында өз еңбегімен табыс табу, әділетсіз артықшылық іздемеу, өзгелерді құрметтеу, уәдесінде тұру, қателігін мойындау және өз іс-әрекетіне жауап беру бар.

Әдеп жөніндегі уәкіл Галина Серікбаева адалдық пен әділдіктің күнделікті өмірдегі маңызына тоқталып, бұл қасиеттердің адамның жеке ұстанымынан басталатынын түсіндірді. Оның айтуынша, заң талаптарын сақтау мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну жас кезден қалыптасуы керек.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында ережелердің баршаға бірдей қолданылуы, өзгенің мүлкіне ұқыпты қарау және әділ шешім қабылдау мәселелері қозғалды. Оқушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп талаптары мен болашақ мамандықты таңдаудағы адамгершілік ұстанымдардың маңызы да түсіндірілді.

Іс-шарада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы да сөз болды. Оның мәні тек қоршаған ортаны таза ұстаумен шектелмей, адамның іс-әрекетінің адалдығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін де қамтитыны айтылды.

Тренинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке қатысты жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Диалог форматында өткен кездесуде оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар Абай шығармаларындағы адамгершілік, білімге ұмтылу, елге қызмет ету және мәдени мұраны құрметтеу идеяларына назар аударылды. Оқушыларға жақсы білім алып, болашақта адал әрі әділ азамат болуға ұмтылу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Қамысты ауданы әкімдігі аппаратының заң бөлімінің бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық буклеттер таратты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Қамысты ауданы ішкі саясат бөлімінен алынды

admin

Recent Posts

Қамыстыда теміржолға 22 жылын арнаған маман

Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…

5 дней ago

Қамыстыда жеті балалы отбасы жаңа баспанаға ие болды

Қамысты ауылында көпбалалы Арысбаевтар отбасы жаңа баспананың кілтін алды. (далее…)

2 недели ago

В хозяйстве «Талап» говорят: главной проблемой бахчеводов стала сайга

Село Уркаш издавна известно в Камыстинском районе своими бахчевыми культурами. (далее…)

2 недели ago

Қамыстылық Рахиля Тәжибаеваның тағдыры ұстаздықпен тамырлас

Кей адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның мамандығы мен болмысы бір-бірімен біте қайнасқанын байқайсыз. (далее…)

2 недели ago

Қамысты ауданы: келер жылдың қамы – күзден

Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.