
Қамыстыда оқушылардың жазғы демалысы жан-жақты ұйымдастырылады
Қамысты ауданында 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда.
Аудан бойынша 1-10 сыныптарда оқитын 1351 оқушы жазғы кезеңде түрлі демалыс, бос уақыт және еңбекпен қамту шараларымен толықтай қамтылмақ.
Жазғы демалыс бағдарламасы аясында: 65 оқушы әлеуметтік осал санаттан – Алтынсарин ауданындағы «Болашақ» лагерінде тегін демалады. Бұл мақсатқа 3,7 млн теңге қаржы бөлінген. 5 ерекше бала «Хатико» жобасы бойынша демалуға мүмкіндік алады. 12 үздік оқушы (оқуда озаттар, олимпиада жеңімпаздары) Әулиекөл ауданындағы «Балдәурен» лагеріне жолдама алады. 12 мектеп жанындағы лагерь ашылып, 400 бала тегін тамақпен қамтылады. Қаржы көлемі – 7,1 млн теңге.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жобасы аясында: 384 оқушы көгалдандыру, ағаштарды суару, гүлзарларға күтім жасау ісіне тартылса,70 оқушы аудан орталығында маусымдық жұмысқа орналасып, жасыл аймақтарды күтумен айналысады.
Қамысты №2 жалпы білім беретін мектебінде этно-лагерь жұмысын жалғастырады. Мұнда ұлттық дәстүрлермен таныстыру, ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
Балалардың қауіпсіз демалысы үшін мектептерде арнайы нұсқаулықтар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жол қауіпсіздігі, суға шомылу ережелері, өрт қауіпсіздігі, телефонды пайдалану мәдениеті сияқты тақырыптар қамтылады.
Шуга Конкарбай
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31