Қамыстыда үшінші жыл қатарынан мұз қалашығы салынды

Қыс мезгілін балалар шанасыз, жастар конькисіз елестете алмайтын шығар.

Қамыстылықтар бос уақытында коньки теуіп, шанамен сырғанап, демаласын тиімді өткізуге тырысады. Аудан орталығында жыл сайын қысқы демалысты көңілді өткізуге арналған түрлі спорт алаңдарының бірі осы мұз айдыны. Биыл үшінші жыл қатарынан «Юность» стадионында мұз айдыны жасақталды. Оны Қамысты аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің мамандары өз қолдарымен техникасыз жасап шығыпты.

-Аудан тұрғындары қысқы демалысын белсенді өткізгенді жақсы көреді екен. Оның себебін келушілерден байқаймыз. Көбіне жұма мен жексенбі күндері аралығында 40-50 балаға дейін келіп сырғанақ тебеді. Әсіресе, демалыс уақытында қызады, – дейді Қамысты аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марғұлан Аманов.

Мұз айдыны осыдан бес күн бұрын жасақталған. Биыл мұнда конькиді жалға алу тегін. Бірақ саны шектеулі. Бар-жоғы – қырық дана. Бұл алаңдарда жастармен қатар ересектерді де көп кездестіруге болады. Оқушылар демалыс күндерін осында өткізеді. Күндіз 15.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Сәрсенбі, жексенбі күндері – демалыс.

-Біздің ашылғанымызға бір жетіде өткен жоқ. Келушілердің саны көп. Биыл үшінші жыл мұз айдыны салынды. Қыс бітікенше келушілерден арылмайды. Тек аяз, боранды күндері сырғанаушылардың саны күрт азаяды. Мұнда кішкентай балаларымен бірге ата-аналар да келіп коньки тебеді, – дейді Марғұлан Аманов.

Қыс мезгілінде қамыстылықтар үшін бар қызық – осы мұз айдынында.

– Балалар мен оқушылардың қуанғанын көріп, біз де мәз боламыз. Балалық шағымызды еске аламыз. Бұрын біз бала кезімізде төбешік жасап, содан сырғанаушы едік. Қазір қалада балалардың дені коньки тебуге құштар, – дейді ол.

Бұл жерге тек балаларға ғана емес, отбасымен ересек адамдар да келеді екен. Алаңға баласын әкеліп коньки теуіп жүргендердің бірі – Ақбөбек Жеңісхан. Ол кішкентай қызы Азизаны коньки тебуге үйретіп жүр. Спортқа жаны құштар Ақбөбек жыл сайын мұз айдынына келуді әдетке айналдырған. Ол балаларының барлығына коньки тебуді өзі үйреткенін айтады.

-Біз отбасымызбен үнемі мұз айдындарына келіп, коньки тебеміз. Қазір елімізде азаматтардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан осы мақсатта біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Біз отбасымызбен салауатты өмір салтын қолдаймыз. Бұл, ең алдымен, денсаулыққа пайдалы, сондай-ақ қыс мезгілінде уақытты тиімді және көңілді өткізудің бір жолы, – дейді аудан тұрғыны Ақбөбек Жеңісхан.

Ернұр Қуатбекұлы, Қамысты ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы:

-Біз барлық сыныппен коньки тебуге келіп тұрамыз. Былтыр қыс бойы демалыс кезінде келіп тұратынбыз. Өте көңілді. Коньки тегін беріледі. Барлық балаларды коньки тебуге шақырамын, – дейді ол.

Қамыстылықтардың ішінде коньки тебуді әдетке айналдырып, күнделікті келіп тұратындар да бар екен.

– Қыстың әр күнін қызықты өткізуге болады. Күнделікті үйде компьютердің алдында отырғаннан гөрі кешкілік достарымызбен бірге коньки теуіп қайтамыз. Демалушылар үшін бұл жер таптырмас орын. Аудан орталығының ішінде, алысқа барудың қажеті жоқ, – дейді 7-сынып оқушылары Асылжан Байжан, Алдияр Мұхамбетуалиев, Ринат Қуаныш.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.