Қамыстыда шымылдығын түрген жаңа театр

«Жайылма» театры алғашқы қойылымымен көрерменді тәнті етті

Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» театры алғашқы сахналық жұмысының тұсауын кесті. Театрдың алғашқы қойылымы – драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Л.Егембердиеваның «Көресіңді көрмей…» атты әлеуметтік мелодрамасы. Ой салатын, шынайы өмірден алынған қойылым көрермен жүрегіне жол тауып, шынайы эмоция сыйлады.
Өмір шындығы – сахна төрінде
Қойылымның негізгі желісі – бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырып – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұрпақ тәрбиесі, отбасылық құндылықтар. Бас кейіпкер – ана. Ішімдікке салынған ұл мен келіннің рақымсыздығынан өз үйінен қуылып, жалғыздық пен шарасыздықты бастан кешіретін ананың жүрек сыры көрерменді бейжай қалдырмады.
Бірақ туынды тек қайғыны емес, үміт пен кешірімді де насихаттайды. Өмірдің ащы сабақтарынан өткен ананың үлкен ұлы мен келіні арқылы қайта қуанышқа бөленуі, өткенмен бетпе-бет келуі – адам рухының мызғымас қуатын көрсетеді. Кеңес дәуірінде «ұлтшыл» деген жаламен сотталған жарымен жылдардан кейінгі «Кеңсайда» болған кездесу – ана жүрегіне шырақ жағып, өмірге деген сенімін оятады.
Қойылым – көрермен көңілінен шықты
Қойылым 24 сәуір күні Қамысты аудандық мәдениет үйінің сахнасында ұсынылды. Арқа, Қарабатыр және жақын ауылдардан арнайы келген көрермен залды толтырды. Кешке облыс орталығынан  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қабдул-Мәжит Иманов  қатысып, театр әртістерінің шеберлігіне жоғары баға берді.
– Бұл жолы әзіл-сықақ емес, жүрекке ой салатын шынайы оқиғаны сахналадық. Мұндай әлеуметтік мәселелер қазір көп отбасыларда кездесіп жатыр. Сондықтан халыққа ой тастау мақсатында осы қойылымды таңдадық. Қойылым жақсы қабылданды. Енді Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Бақытсыз Жамалды» қоюды жоспарлап отырмыз, – дейді театр жетекшісі Еркебұлан Кәрімұлы.
Театр әртістері – халықтың ішінен
«Жайылма» театры кәсіби сахна майталмандарынан емес, жергілікті тұрғындар – мұғалімдер, үйірме жетекшілері, оқушылар, IT маман, тіпті электрик пен мәдениет қызметкерлерінен құралған. Осы жандар өнерге деген шынайы ықылас пен ынта арқылы біріккен.
Декорация мен костюмдер өз күштерімен әзірленген. Қойылымды дайындауда аудандық мәдениет үйінің ұжымы үлкен еңбек сіңірді. Аудан әкімдігі тарапынан арнайы үш штат бөлініп, театр жұмысына нақты қолдау көрсетілуде.
Жаңадан құрылған театр ұжымы түрлі маман иелерінен құралған. Оның құрамында мұғалімдер, үйірме жетекшілері, бағдарламашы, мектеп оқушылары мен мәдениет қызметкерлері бар. Қойылымға қажетті декорациялар мен костюмдерді де ұжым өз күшімен әзірлеген. Қазіргі таңда театр үшін арнайы үш штат бөлініп, аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде.
Жергілікті өнерсүйер қауым үшін бұл – тың серпіліс. «Жайылма» театрының алғашқы қадамы сәтті басталды. Алдағы уақытта ұжым театр сахнасында ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. Бұл аудан мәдениетінің жаңа белесі деуге толық негіз бар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Recent Posts

Хоккеисты Камыстинского района стали серебряными призерами КМ Лиги

Хоккейная команда «AqQala» заняла почётное 2 место в розыгрыше «Малого финала» КМ лиги по хоккею с…

4 дня ago

Камыстинские борцы выиграли золото и бронзу на чемпионате Костанайской области

В чемпионате Костанайской области по қазақ күресі камыстинцы показали высокие результаты.  (далее…)

4 дня ago

Камыстинские волейболистки стали двукратными чемпионами Костанайской области

Воспитанницы Камыстинской районной ДЮСШ приняли участие в чемпионате Костанайской области по волейболу среди девочек 2013–2014 годов…

4 дня ago

Камыстинские полицейские усиливают работу по предупреждению дорожно-транспортных происшествий

Согласно статистике, с начала года на территории республики зарегистрировано около трех тысяч ДТП, в которых…

6 дней ago

Жителей трудоизбыточных регионов страны пригласили переехать в Камыстинский район

Делегация Камыстинского района посетила Кызылординскую область с агитационной работой для привлечения граждан к переселению в…

1 неделя ago

This website uses cookies.