Қамыстыда төрт білім ошағында қосымша топ ашылды


Білім беру саласындағы олқылықтарды жойып, білім сапасын көтеруді көздейтін ұзартылған күн тобы өңірдің бірқатар мектептерінде ашылды. Қазір бұл үрдіс Қамысты ауданында да сәтті жалғасын табуда.

Жаңа оқу жылынан бастап Қамысты ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде білім алушылар қатарын көбейту үшін бастауыш сынып оқушыларына арналып ұзартылған күн тобы енгізілді. Қазір төрт мектептің осы жүйеге көшкенін айтуға болады. Олар – №2 Қамысты және Алтынсарин, Қарабатыр, Краснооктябрь ауылдарындағы жалпы білім беретін білім ошақтары. Алпыстан астам білім алушы үшін ұзартылған күн топтары, сабақтары ұйымдастырылды (мемлекеттік тілмен бастауыш сыныптар контингенті 100%). Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Қуанышбаев айтты.

Жалпы Қамысты ауданының орталығында жалғыз қазақ мектебі бар. Ол – №2 Қамысты жалпы білім беретін мектеп. Бұл білім ошағы 300 балаға шақталған. Бірақ бүгінде мұнда 87 ғана оқушы білім алып отыр. Ал білім басқармасы қолға алған бастама осындай мемлекеттік тілдегі мектеп оқушыларының қатарын арттыру үшін жасалып отырған іс. Бұл тіл білмейтін ата-аналар үшін балаларын оқытуда үлкен көмек.

«Сабақтарды өткізу үшін осы мектептердің бастауыш сыныптарының 8 педагогы жұмысқа тартылды. Ұзартудың жұмыс уақытын мектеп әкімшілігі ата-аналардың тілектерін ескере отырып анықтады. Сабақтан кейін айналысатын топтар бар, түстен кейін келетін оқушылардың топтары да бар. Дамыту сабақтары, ойындар барысында балалар тілді үйренуге, үй тапсырмасын орындау кезінде мұғалімнің көмегін алады. Бұл ата-аналарға баланың мінез-құлқы мен үлгерімін бақылауды жүзеге асыруға тиімді көмек. Егер ата-аналар мемлекеттік тілді жетік білмесе, ата-аналар «ұзартылған күн тобын» мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі пәрменді шара деп санайды», – дейді Талғат Қуанышбаев.

Ұзартылған күн тобы бар мектептерде күн сайын балалар сабақтан кейін осында келеді. Мұнда мұғалімдер шәкірттерге үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі. Олардың бос уақыты да тиімді ұйымдастырылған. Балалар арнайы үйірмелерге қатысып, белгіленген уақытта ойнап та, тынығып та үлгереді. Оның сыртында оқушылар көркемөнер, ән-күй, би, шахмат үйірмелеріне қатысады. Тіпті, бастауыш сынып оқушылары жол қозғалысы ережелері бойынша арнайы дәріс алады. Арнайы топқа баратын оқушылардың ас-ауқатына да аса мән берілген. Балаларға ыстық тамақ беріледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.