Қамыстыда төрт көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі беріледі

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтеді.

Бұл дата қазақ халқына өте ерекше, маңызды әрі қасиетті. Өйткені Жеңіс – тек тарих емес, біздің бабаларымыздың қанымен жазған ерлігінің символы, Отан үшін күрескен ата-бабаларымыздың рухы мен мәңгілік ерлігі. Осы тарихи оқиғаға орай еліміздің әр өңірінде көптеген шаралар ұйымдастырылып, ерліктер ұлықталып жатыр.

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Жеңіс күнін кеңінен дәріптеудің маңыздылығын айтып, майдангерлердің ерлігін ұмытпау керектігін баса айтты. Президент тапсырмасымен мерекелік шаралар тек мемлекеттік органдармен ғана шектелмей, жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарын да қамтып жатыр. Бұл, әрине, жастарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.

Ұлы Отан соғысының әр сәтінің ақиқатын ашып, Отан үшін отқа түсіп, құрбан болған боздақтардың есімін мәңгілікке жадымызда сақтауымыз керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген іс-шаралар мен бастамалар қолға алынып жатыр.

Қамысты ауданында да батырлардың есімін ұлықтау мақсатында жергілікті көшелерге олардың аттарын беру ұсынылуда. Адай ауылындағы Советская көшесіне Ұлы Отан соғысының батыры Николай Вычужаниннің есімін беру жоспарланып отыр. Ол 1944 жылы Кеңес Одағының батыры атанып, кейін Қазақстанға көшіп келіп, ерен еңбек еткен. Бұл азаматтың есімі ұрпаққа үлгі боларлық.

Ливан ауылындағы Парковая көшесіне тағы бір ер азамат, Қазбек Әлжапаровтың есімі беріледі. Ол майдан шебінде Мәскеу қорғанысын қорғап, Смоленск және Витебск облыстарын азат етуге қатысты. Соғыстан кейін партиялық қызметте жемісті еңбек еткен Қазбек ағамыздың ерлігі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Ливан ауылының тыл ардагері Кәшім Шоховтың есімін де ұлықтау ұсынылып отыр. Кәшім ата Ленин Орденінің екі мәрте иегері, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Оның есімі, ең алдымен, еліміздің тылдағы еңбегін бағалауға бағытталған. Оның ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

Қарабатыр ауылында да Ахметбек Құсдәулетовтің есімінмен көше атау ұсынылған. Майданда танктің механик-жүргізушісі болған Ахметбек ағамыздың ерліктері жайында айту, оны ұмытпау – біздің міндетіміз. Ол көптеген медальдармен марапатталған, және оның есімі жастарға Отанын сүюдің, құрметтеудің жарқын үлгісі.

Қамысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Бекмұхамедовтің айтуынша, осындай шаралар арқылы батырлардың есімін жастарға таныстырып, олардың ерлігін ұмытпай, әрдайым есте сақтауға үлес қосамыз. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек өткенге тағзым ету ғана емес, келешек ұрпаққа батыр бабаларымыздың ерлігін үлгі етіп, олардың бейнесін сақтап қалу.

Сәуір айының аяғына дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің қорымдары мен ескерткіштері абаттандырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аудан орталығында Әскери қалашық тігіледі, «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясы ұйымдастырылады, әскери марш өткізіледі. Салтанатты концерт те жоспарланып, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов марапатталады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін бұл шаралар – біздің тарихи жадымызды жаңғыртып, болашақ ұрпаққа бейбітшілікті бағалауды үйрететін маңызды қадам болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.