Қамыстыдағы мешіт жаңарып, жамағат қатары көбейіп келеді

Рамазан қарсаңындағы игі жаңалық.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қостанай өңіріндегі руханият ордаларының бірі – Сейітжан Бекшентайұлы атындағы Қамысты аудандық мешіті жаңарып, жаңғыру үстінде. Аудан орталығы Қамысты кентінде орналасқан бұл мешіт тек құлшылық орны ғана емес, елдің бірлігі мен имандылығының алтын діңгегіне айналған киелі шаңырақ.

Мешіт имамы Абулқасым Жүнісовның айтуынша, биыл 19 ақпан – оразаның алғашқы күні болып есептеледі. Құптан намазынан кейін тарауих намазы басталады. Ораза 30 күнге жалғасып, 19 наурыз – соңғы күні, ал, 20 наурыз – Ораза айт мерекесі ретінде аталып өтпек. Биылғы Қадір түні 16 наурызға сәйкес келеді.

«Рамазан айы қарсаңында мешітте ауқымды ішкі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының дені аяқталды. Ғибадат бөлмелерінің қабырғалары қырылып, қайта ақталып, сырланды. Ішкі бөлмелер толық жаңартылды,- дейді Абулқасым Жүнісов.

Ерекше атап өтерлігі – бұл игі іс бір ғана демеушінің емес, барша жамағаттың қолдауымен жүзеге асуда. Қаржылай көмек көрсеткендер қатарында жергілікті кәсіпкерлер, ЖШС жетекшілері, аудандық және ауылдық әкімдік өкілдері, сондай-ақ мешіт жамағаты бар. Бұл – елдің ауызбіршілігін, ортақ іске деген жанашырлығын айқын көрсететін үлгі.

Мешіт құрылысы 1990 жылы басталып, 1996 жылы діни басқармаға пайдалануға берілген. Соңғы рет имандылық үйіне күрделі жөндеу жұмыстары төрт жыл бұрын жүргізіліпті.

Алланың үйі Қостанай мен Қызылорда өңіріне танымал ақын, дін білімпазы Сейітжан Бекшентайұлы (1875–1938) есімімен аталады. Оның рухани мұрасы мен ағартушылық жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге болып келеді. Мешіт ашылған күннен бастап халықты имандылыққа ұйыстырып, діни-рухани бағытта бірқатар игі шараларды ұйымдастырып келеді.

Қамысты аудандық мешіті облыстағы өзге мешіттерден сәулет ерекшелігімен дараланады. Жүз адамға арналған ғимарат төрт мұнаралы. Алдыңғы екі мұнарасының биіктігі – 17 метр, артқы екеуі – 11 метр. Күмбезінің биіктігі 9 метрге жетеді. Жалпы аумағы 5200 шаршы метрді құрайды. Сұрғылт силикат кірпіштен қаланған мешіттің қызғылт түсті аркалы мұнаралары мен терезелері ерекше үйлесім тапқан. Төрт мұнара мен күмбез ұшар басындағы ай белгісі алыстан көз тартып, кент көркіне сән беріп тұр.

Соңғы жылдары мешіт жамағатының қатары едәуір артқан. Жұма намазына қатысушылар саны да, ораза ұстаушылар саны да жыл сайын көбейіп келеді. Имамның айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда дінге бет бұрушылар саны шамамен 30 пайызға артқан. Қуаныштысы, олардың басым бөлігі жастар.

Бүгінде Қамысты ауданы бойынша төрт жуық адам ораза ұстайды.

Рамазан – сабыр мен сауаптың, мейірім мен берекенің айы. Осындай қасиетті кезеңде мешіттің жаңарып, жамағаттың көбейуі, өңір үшін үлкен рухани жетістік. Қамыстыдағы қасиетті қара шаңырақ алдағы уақытта да елдің ынтымағы мен имандылығының ордасы болып қала бермек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет аудандық ішкі саясат бөлімінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жителей трудоизбыточных регионов страны пригласили переехать в Камыстинский район

Делегация Камыстинского района посетила Кызылординскую область с агитационной работой для привлечения граждан к переселению в…

2 часа ago

Школьные библиотекари из Камыстинского района проявили себя в районном конкурсе «Библиотекарь в образе литературного героя»

Конкурс проводился с целью выявления и распространения лучших инновационных библиографических разработок и технологий, способствующих поддержке…

2 дня ago

Камыстинские волонтеры помогли пожилым людям в уборке снега

Ежегодная акция «Снежный десант» стала уже традицией. (далее…)

2 дня ago

Лучшего услугодателя определили в Камыстинском районе

Победителем конкурса «Қамысты ауданның үздік көрсетілетін қызметті берушісі» стал районный отдел занятости и социальных программ. …

3 дня ago

Юные камыстинцы заняли призовые места на чемпионате Костанайской области по вольной и женской борьбе

Спортсмены приняли участие в соревнованиях среди юношей и девушек 2011-2013 годов рождения.  (далее…)

4 дня ago

Афганистан навсегда остался в памяти воина-интернационалиста Игоря Кимаковича из Камыстинского района

В этом году 15 февраля исполнилось 37 лет со дня вывода ограниченного контингента советских войск…

4 дня ago

This website uses cookies.