Қамыстыда қысқы жол күтіміне 30 млн теңге бөлінді

Қамысты ауданында 2025 жылғы қысқы маусымда жолдарды күтіп ұстауға 30 миллион теңге қаражат бөлінді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге аз. Аталған қаржы қар тазалау, жолдарға құм-тұз қоспасын себу, көктайғақтың алдын алу және арнайы техникаларды жұмылдыру жұмыстарына бағытталған. Аудандық маңызы бар кірме жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстарын «Альдекешев» жеке кәсіпкерлігі атқарады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, қардың мол түсуіне байланысты жол тазалау жұмыстары күшейтілген режимге көшіріліп, тәулік бойы бақылауға алынған. Барлық қажетті арнайы техникалар қысқы маусымға толық дайындықтан өткен. Негізгі мақсат – елді мекендер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Баекеннің айтуынша, Дружба ауылына апаратын 69 шақырым жолды күтіп ұстауға автогрейдер тартылып, қажетті құм мен жанармай қоры дайындалған. Арқа ауылына бағытталған жолда бір жүк тиегіш техника қарастырылған. Красногорское мен Талдыкөл ауылдарына техника қажеттілікке қарай жіберіледі. Фрунзе ауылында К-700 тракторы, Пушкино ауылында КамАЗ КДМ техникасы жұмыс істейді, ал Клочков ауылының жолдары кезекпен тазаланады.

Қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан бастап полиция және төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттерді аудан әкімдігі ұсынды

Редактор

Recent Posts

Қамыстылық ханым

Туған жерге адал қызмет етіп жүрген Раушан Махмудова жайлы бір үзік сыр. (далее…)

4 дня ago

Қамыстыда «Таза чат-бот» неге белсенді емес?

Сервис аудан тұрғындары арасында кең таралмай отыр. (далее…)

7 дней ago

Камыстинцы отдали дань уважения великому акыну Жамбылу Жабаева

В районном Доме культуры села Камысты состоялся круглый стол, посвящённый 180-летию со дня рождения великого…

1 неделя ago

В Камыстинском районе проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Подросток»

Мероприятие направлено на предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних, защиту их прав и законных интересов, а также на…

1 неделя ago

Хоккеисты Камыстинского района стали серебряными призерами КМ Лиги

Хоккейная команда «AqQala» заняла почётное 2 место в розыгрыше «Малого финала» КМ лиги по хоккею с…

2 недели ago

This website uses cookies.