
Қамыстыда жаңа қойылымның премьерасы өтеді
Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» халық театры көрерменге жаңа туындысын ұсынбақ. 24 сәуір күні мәдениет үйінің сахнасында Л.Егембердиева жазған «Көресіңді көрмей…» атты екі актілі мелодраманың премьерасы өтеді.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі, драматург жазушы Ләззат Егембердиеваның қаламынан туған бұл шығарма бүгінгі күннің өзекті тақырыбына арналған. Қойылымда ата-ана мен бала арасындағы байланыс, ішімдікке салынған ұл мен келіннің анаға жасаған қиянаты, отбасылық қарым-қатынастың күрделілігі бейнеленеді.
Тың игеру жылдарының куәгері Ақдидар ананың өмірі арқылы аналық махаббат, кешірім мен үмітке толы тағдыр көрініс табады. Тағдырдың талай тауқыметін көрген ана қаладағы үлкен ұлы мен келінінің қамқорлығы арқылы қайта өмірге құштарлана түседі. Қойылымда сондай-ақ кеңестік кезеңнің тарихи сәттері де шебер көрініс тапқан.
Аудан әкімшілігінің қолдауымен театр ұжымына қосымша штат бөлініп, шығармашылық жұмысқа тың серпін берілді. Театрдың көркемдік жетекшісі – Еркебұлан Кәрімұлы.
Қойылым кешкі сағат 19:00-де басталады. Барша аудан тұрғындарын тағылымы мол туындыны тамашалауға шақырамыз.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31