Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» халық театры көрерменге жаңа туындысын ұсынбақ. 24 сәуір күні мәдениет үйінің сахнасында Л.Егембердиева жазған «Көресіңді көрмей…» атты екі актілі мелодраманың премьерасы өтеді.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі, драматург жазушы Ләззат Егембердиеваның қаламынан туған бұл шығарма бүгінгі күннің өзекті тақырыбына арналған. Қойылымда ата-ана мен бала арасындағы байланыс, ішімдікке салынған ұл мен келіннің анаға жасаған қиянаты, отбасылық қарым-қатынастың күрделілігі бейнеленеді.
Тың игеру жылдарының куәгері Ақдидар ананың өмірі арқылы аналық махаббат, кешірім мен үмітке толы тағдыр көрініс табады. Тағдырдың талай тауқыметін көрген ана қаладағы үлкен ұлы мен келінінің қамқорлығы арқылы қайта өмірге құштарлана түседі. Қойылымда сондай-ақ кеңестік кезеңнің тарихи сәттері де шебер көрініс тапқан.
Аудан әкімшілігінің қолдауымен театр ұжымына қосымша штат бөлініп, шығармашылық жұмысқа тың серпін берілді. Театрдың көркемдік жетекшісі – Еркебұлан Кәрімұлы.
Қойылым кешкі сағат 19:00-де басталады. Барша аудан тұрғындарын тағылымы мол туындыны тамашалауға шақырамыз.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
This website uses cookies.