
Қамыстыда зиянкестерге қарсы күрес жүргізілуде
Қамысты ауданында көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай аяқталды.
Биылғы жылы жалпы егістік көлемі 297,4 мың гектарды құрап отыр. Бұл – аудан аграршыларының белсенді еңбегінің нәтижесі. Егістік құрылымында дәстүрлі дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар басымдыққа ие – олар 278,2 мың гектарға себілді. Сонымен қатар 8,7 мың гектар жерге майлы дақылдар, 10,4 мың гектарға жемшөп, 2 гектарға картоп егілді.
Аудан шаруашылықтары көктемгі науқанға тыңғылықты дайындықпен кірісіп, 1 800 тонна сапалы тұқым сатып алды. Бұл – алдағы өнім сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Егіс жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп, белгіленген мерзімде толық аяқталды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда егістік алқаптарда шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс шаралары белсенді түрде атқарылуда. Аудандық фитосанитариялық бақылау қызметі мамандары алқаптарды үнемі бақылауда ұстап отыр. Зиянкестердің таралуын алдын ала болжау үшін мониторинг карталары жасалып, нақты ошақтар анықталған жағдайда дер кезінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
– Фитосанитарлық жағдай – басты назарда. Қауіптің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бұл – болашақ өнімділікті сақтау үшін аса маңызды, – дейді сала мамандары.
Аудан әкімдігі де ауыл шаруашылығы саласын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жергілікті билік пен шаруалар арасында тығыз байланыс орнаған. Қамысты жерінде өсіп жатқан егін – тек ауданның ғана емес, облыстың да азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған үлес.
Аграрлық маусым әлі де жалғасуда. Ендігі міндет – егілген егінді уақытылы күтіп-баптап, зиянкестер мен ауруларға қарсы шараларды жүйелі түрде жалғастыру.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31