Рудныйда «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған аймақтық ақындар айтысы жоғары деңгейде өтті. Дүбірлі додада өңірдің сөз өнеріне жақын жүйріктері бас қосып, шырайлы шаһар бір күнге рухани мерекеге айналды.
Айтысты тамашалауға келген көрермен де әр жұптағы сөз сайысынан қуат алып, алаш рухымен сусындап, ерекше әсерге бөленді.
Шараның әділқазы алқасына еліміздің белгілі айтыскер ақыны, «Алтын домбыра» сыйлығының иегері Айбек Қалиев төрағалық етті. Оның әділ бағасы мен айтыс өнеріне деген талғамы дода салмағын арттырып, жас ақындардың шабытын шарықтатты.
Айтыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Қостанай облысы, Қамысты ауданынан қатысқан Нағашыбай Ақылжан жеңіп алды.
Бас жүлде иегері Нағашыбай Ақылжан туралы айта кетсек, ол 2000 жылы 9 мамырда Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Милісай ауылында дүниеге келген. Отбасында ақындыққа жақын жандар көп, ағасы да, інісі де бүгінгі күні айтыс сахнасында бағын сынап жүр.
Нағашыбай жастайынан Абай, Ыбырай, Ахмет оқуларына қатысып, аудандық және облыстық деңгейдегі білім сайыстарының жеңімпазы атанған. Айтыс сахнасына алғаш рет 2018 жылы Арқалық қаласында шыққан. Сол додада қазылар алқасына танымал айтыскер Айбек Қалиев төрағалық етіп, Нағашыбай іріктеуден өтіп, жүлделі үшінші орынды иеленген.
Мектеп табалдырығын Қамысты ауданы Бестөбе ауылындағы Бестөбе орта білім беретін мектебінде аттаған. 2018 жылы мектепті тәмамдап, Зұлқарна й Алдамжар атындағы ҚӘТУ-ға заңгер мамандығына оқуға түсіп, жоғары білім алған.
«Рудныйдағы айтыс өте жақсы өтті! Өзіме ерекше ұнаған дода болды. Алғашқы қарсыласым – амангелділік Еламан Тұрсын. Екеуміз де жоғары ұпай алып, финалға өттік. Құлмамбет айтысына бес ақын болып шықтық. Бағым да, бабым да қатар келді. Рудныйдың рухты елінің қошеметі ерекше жігер берді, шабыттанып қайттым», – дейді бас жүлде иегері Нағашыбай Ақылжан.
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл айтыс – алаш рухын асқақтатып, сөз құдіретін ұлықтаған елеулі мәдени оқиға ретінде есте қалды. Осындай шаралар өңір жастарының өнерге құштарлығын арттырып, ұлттық руханиятты байытуға зор үлес қосары сөзсіз.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет кейіпкердің жеке архивінен алынды
В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)
Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…
Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)
2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен современный ипподром, ставший важной…
«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…
В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…
This website uses cookies.