Қамыстылық Александр18 жасынан мал құрығын қолына алды

Александр – Қамысты ауданының тумасы.

Жасы небәрі жиырманың үстінде ғана. Бірақ тірлігіне қарап, оны көптен бері осы кәсіптің ортасында жүрген жан деп ойлайсың. Ол бүгінде «Ренат» шаруа қожалығында 350 бас қой мен 300 ірі қараны бағады. Еңбегі – ауыр, бірақ адал. Күн сайын таңмен таласа тұрып, кешке дейін мал соңында жүреді.

– Басында оңай болған жоқ, – дейді ол бізге қарап. – Таңнан кешке дейін далада жүресің. Бір күні жауын, бір күні аптап. Бірақ үйренесің. Малдың да мінезі болады. Қай уақытта шөлдейтінін, қашан жайылып, қай кезде көлеңке іздейтінін де біліп аласың.

Мал жайылып жүрген ашық жазықтың әр бұрышында Александр көзімен бақылап, ысқырып немесе қолымен бағыттап отырады. Бұл – жай жайылым емес, бұл – тіршілік. Мұнда әр сағат маңызды.

Қойлар тынымсыз қозғалыста. Бір орында тұрмайды, алға тартып, шөптің шүйгінін іздейді. Осы сәтте Александрдың көзі ештеңені қалт жібермейді. Тек малшы ғана түсінетін тыныш, тілсіз қарым-қатынас орнағандай. Бізбен әңгімесін жалғастыра отырып, көзін малдан айырмайды.

– Бұл – менің күнкөрісім ғана емес, өмірлік кәсібім, – дейді ол.

Александрдың еңбек жолы ерте басталған. Бар болғаны 18 жасында қолына таяқ алып, мал соңында жүрген. Қазір бұл тірлікке бейімделіп, өз кәсібінің майталманына айналған.

– Ауылда еңбек етемін деген адамға бәрі табылады. Жалақым жақсы. Қол қусырып отыруға болмайды. Бастысы – ниет пен төзім, – дейді ол.
Шынында да, оның сөзінде үлкен шындық бар. Мал бағу – тек физикалық жұмыс емес, бұл – өмір салты. Табиғатпен тіл табысу, малмен үндесу, әр мезгілдің қиындығына мойымай, еңбек ете білу. Александр осының бәріне төзіп, өз мамандығына адал болып отыр.

Қораға кешке дейін жайылған Қамбар ата түлігі мен ірі қара қайта кіргізіледі. Бұл – күндегі бір сарынды жұмыс. Демалыс деген атымен жоқ.

– Мал қарағанға бітеді, дәулет те сондай. Сондықтан малмен айналысамын деген адам алдымен өте шыдамды болуы керек. Ауруын емдеп, жем-шөбін уақытылы беріп, құнарлы жерге жаю қажет. Қанша көп мал ұстасаңыз, сонша еңбектену керек, – деп түсіндіреді ол.
Ауыл сыртындағы даланың бір бұрышында көк шалғынға жайылып жүрген қойлар мен ірі қара – нағыз қазақ тіршілігінің белгісі. Бұл – ата кәсіп. Александр болса, осы дәстүрдің үзілмей жалғасуына атсалысып жүрген жастардың бірі.

– Қалада жұмыс оңайырақ шығар. Бірақ мен осы кәсіпке үйреніп қалдым. Малдың жай-күйін түсінемін, бауыр басып кеттім. Әрі бұл кәсіп арқылы отбасымды асырап отырмын, – дейді кейіпкеріміз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамысты ауданында күзгі орақ науқаны жалғасуда

Қамысты ауданында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүргізілуде. (далее…)

2 дня ago

Экскурсия в музей открыла для камыстинских школьников новые знания о родном крае

В селе Алтынсарино действует уникальный музей, который содержит не только предметы, но и раритетную автотехнику.…

1 неделя ago

Қамыстыда аурухана жаңарды, бірақ дәрігер тапшы

Қамысты аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жаңартылды. Алайда медициналық мекеменің басты мәселесі…

1 неделя ago

Жаңашыл басшы Қамыстыдағы Жайылмада тұрады

Ұстаздар күні қарсаңында Жайылма негізгі орта мектебінің директоры, тәжірибелі педагог, ұлағатты ұстаз – Нұрлан Кәрімжанұлы…

1 неделя ago

Қамыстыда құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Биыл Қамыстыда ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында ауқымды құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.…

1 неделя ago

Трудовой путь Ербулата Клышпаева тесно связан с газификацией Камыстинского района

Житель села Камысты Ербулат Клышпаев посвятил сфере газовой и нефтяной промышленности 14 лет своей трудовой…

2 недели ago

This website uses cookies.