Қамыстылық Назым Хасенова «ТikTok» желісінде танымал
Бүгінде оның «ТikTok» желісінде 120 мыңнан астам көрермені бар
Қамыстылық Назым Хасенова Алматыдағы ҚазУМОиМЯ университетінің бірінші курс студенті. Отбасындағы бес баланың екіншісі негізгі табысын әлеуметтік желіден табады. Бүгінде оның «ТikTok» желісінде 120 мыңнан астам көрермені бар. Бойжеткен қазір блогер ретінде әжептәуір танылып қалды.
– Басында түрлі қызықты видеолар түсіру арқылы парақшамды айналымға түсіруге өз күшіммен жеттім. Негізгі видеоларды оқушы кезімде түсіретінмін. Он бірінші сыныпта оқып жүргенімде «ТikTok» түсіруді бастадым. Алғаш көрермендерімнің қатары жүз мыңға жетті. Блогер болуды мақсат еткенім жоқ. Сөйтіп, түсіргендерім көрермендеріме ұнай бастады. Қазір онлайн табыс табуды меңгеріп алдым, – дейді Назым.
Бойжеткен сабақтан тыс уақытын жаңашылдыққа арнайтынын айтады.
«ТikTok» – 15 секундтық қысқа бейнелер жасауға арналған қосымша. AppStore және Google play-дегі ең көп жүктелген бағдарламалардың қатарына кіреді.
«ТikTok» – видео түсіруге арналған сервис. «ТikTok»-тан пайда табудың әдістері көп. Жарнама жасауға, амбассадор болуға, өнімін ұсынуға, сценарий жазуға, кәсіби бейне түсіру арқылы қолдануға болады. Көбіне Grwm, билер, трэндтер түсіріп саламын. Көптеген мүмкіндіктерге жеткізді. Мысалы, Алматыда блогерлерге берілетін арнайы бонустар бар. Соны кәдеме жаратамын. Маған үнемі қолдау көрсетіп жүрген анама алғыс айтамын», – дейді ол.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31