
Қамыстылық шаруа дабыл қағуда
Қамысты ауданына қарасты Аралкөл және Орқаш ауылдарындағы «Темірхан» шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері киіктердің шабындық пен егістік жерлерге келтіріп жатқан залалынан зардап шегіп келеді.
Шаруа қожалығының иесі Мейрамкүл Жұмабекқызының айтуынша, жыл сайын егістікке егілген өнімнің жартысынан көбі киік табанында тапталып, жарамсыз күйге түседі. «Биыл да жағдай қайталанды. Екі гектар алқапқа еккен өнімнің басым бөлігін киіктер жойып жіберді. Қанша қусақ та, қайта оралады. Бұл біз үшін үлкен шығын. Мемлекет тарапынан нақты қолдау болмағандықтан, не істерімізді білмейміз», – дейді ол.
Шаруалардың айтуынша, бұл – жыл сайын қайталанатын күрделі мәселе. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, ауыл шаруашылығымен айналысатын көптеген қожалықтар өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін.
Мәселені шешу үшін шаруалар киік популяциясын ғылыми негізде реттеу, қорғаныс жүйелерін орнату сияқты шараларды қолға алуды сұрайды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет: ашық дереккөзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31