Қамыстылық спортшылар Түркиядан күміс пен қоланы жеңіп әкелді

Қамысты ауданының жас споршылары халықаралық аренада жеңіспен оралды

«Amanov top team MMA» спорт клубының тәрбиеленушілері 31 қазан мен 3 қараша аралығында Түркияның Стамбул қаласында өткен әмбебап жекпе-жек бойынша Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

Жеңімпаздарды 5 қараша күні туған жері Қамыстыда туыстары, достары мен ауылдастары салтанатты түрде қарсы алды. №1 орта мектептің алдында өткен қошемет сәті ерекше әсерлі болды, оқушылар мен ұстаздар тулар ұстап, жеңімпаздарға ыстық ықыластарын білдірді.

«Amanov top team MMA» спорт клубының негізін қалаушы, қолма-қол ұрыстан және грэпплингтен спорт шебері Бекжан Аманов бұл жарыстың маңызын атап өтті.

«Әлемдік деңгейдегі бәсекеге дайындық ұзақ әрі қиын болды. Қазақстанды Қамысты ауданын абыроймен таныстыру үшін бар күшімізді салдық. Чемпионатқа әлемнің 11 елінен спортшылар қатысты. Біздің жігіттер Өзбекстан, Тәжікстан, Грекия және Түркиядан келген қарсыластарын жеңіп шықты», – деді ол.

Қамысты ауданы әкімінің аппараты басшысы Абай Жүсіпов жас спортшыларды құттықтап, олардың жетістігі аудан мақтанышы екенін айтты.

– «Жарайсыңдар, жігіттер! Туған жердің атын биік ұстап, үлкен жеңістерге жете беріңдер», – деді ол.

Жеңімпаздардың ата-аналары да перзенттерінің еңбегін мақтан тұтып, бапкер Бекжан Амановқа алғыс білдірді.

Чемпионат қорытындысы бойынша қамыстылық спортшылар Дархан Әбілғазы мен Әділет Жақсыбай әмбебап жекпе-жектен әлемнің қола жүлдегері атанды. Ал Даниэль Баймурзин екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс және қола медальдарды жеңіп алды.

Жас спортшылардың айтуынша, бұл жеңіс – жаңа белестерге бастар жолдың бастауы ғана.

«Алдымызда талай жарыс бар. Біз еліміздің намысын қорғау үшін аянбай тер төге береміз», – дейді олар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суреттерді түсірген  Дина НҰҒМАНОВА

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.