Қамыстылықтарға қоғамдық монша қажет

Қамысты ауданында қоғамдық монша 2019 жылға дейін жұмыс істеп келген.

Қазір тозығы жетіп істен шыққан. Жуыну орнына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сатып алу туралы конкурс жарияланып, «Ильмур» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Әлеуметтік нысанды жөндеуге 6,5 миллион теңге бөлінген. Орындалу мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде. Бұған не кіреді? Алдымен, қазандықтың өзі мен бес бөлігі кіреді, мұнда қазандықтар орналасқан. Қазандықта келесідей жұмыстар жүргізіледі: күйеден тазарту, қабырғаларды сылау, терезелер орнату, қақпа салу мен есіктерді жөндеу, жарықшамдар ілу.

-Екіншіден, демалу бөлмесінің қабырғалары сыланып, сырланады. Онда шкафтар, үстелдер, кептіріну, жарықшамдар орнатылады. Үшінші – жуыну бөлмесі. Қабырғалары мен еденіне керамикалық плиталар төселінеді. Жарықшамдар орнатылып, раковиналар қойылады. Ыстық және суық су, суағар, бу құбыры өткізіледі. Келесісі – сыртқы жұмыстар: құбырларды орау, желдету жүйесі мен сымдарды жаңарту.

Моншаның бесінші бөлігіне цинктелген материалмен төбесі жаңартылады, қабырғаларды сылау-бояу, 38 электр қосу-ажырату қорапшаларын орнату жұмыстары орындалмақ. 20 жиһаз қойылады. Жалпы ауданы 336 шаршы метрді құрамақ, – деді Қамысты селолық округінің әкімі Бейбіт Меңдәулетов.
Айта кету керек, бұл нысан 2008 жылдан бастап «Қамысты» ЖШС балансында. Ғимарат толығымен тозып тұр. Моншаның жуыну бөлмесінің ауданы 765,3 шаршы метрді құрайды, оның ішінде қазандық ауданы 264,3 шаршы метр.

Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде болған қоғамдық моншаның жұмысын қайта бастау үшін әрі қарай сенімгерлік басқаруға беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

-Қазір 11,5 млн теңгеге екі қазандық сатып алынып жатыр. Өткен айдың ортасында осы екі қазандық сатып алу туралы келісім жасалды. Олар облыс орталығындағы «Костанай стройтеплокотл сервис» серіктестігінен жеткізіледі. Содан кейін барып «Ильмур» ЖШС жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарына кіріседі, – дейді Қамысты селолық округінің әкімі Бейбіт Меңдәулетов.

Қоғамдық монша алдағы бірінші маусымда тұрғындар игілігіне беріледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

2 дня ago

Қамыстыда ауызсу желілері 100 млн теңгеге жаңғыртылды

Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)

3 дня ago

В Камыстинском районе завершился прием заявок на конкурс «Лучший двор – лучший дом»

В этом году желание показать плоды своих стараний и умений изъявили 10 семей из с.…

4 дня ago

Қамысты ауданында үйлердің 84 пайызы газға қосылған

Әлеуметтік нысандарды газға көшіру бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік берді. (далее…)

1 неделя ago

Қамыстыда кадр тапшылығын қалай шешілуде?

Мамандарды ауылда ұстап қалудың басты тетігі – баспана. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.