Қамыстылық жігіт былғарыдан бұйымдар жасайды

Қамыстылық кәсіпкердің қолынан шыққан сөмке, белбеу кең сұранысқа ие.

Аудан орталығында тұратын Тимур Фазылханов жеке кәсіптің сыртында қазақтың қолданбалы қолөнерімен айналысады. 27 жастағы жігіт хобби ретінде алғаш рет белбеу жасап көріпті. Кейін қолдан жасалған өнімге сұраныс түскен соң, тапсырыс алуды бастаған. Бүгінгі күні ол бұл өнерді әрі қарай дамытпақ ойда.

Тимур аудан орталығында тұрады. Жеке кәсібі бар, сауда-саттықпен айналысады. «Жігітке жеті өнер» де аз демекші, кейіпкеріміз Қазақстан, Беларусь елінен арнайы былғары терілер алдыртып, ерлер мен әйелдерге арналған белбеу, әмиян, шоппер, сөмке, карта салғыш және басқа да теріден жасалған бұйымдарды тігуді де қолға алған.

«Бастапқыда интернетті ақтарып жүріп, былғары бұйымдардың жасалу тәсілдерін жіті меңгердім. Содан кейін құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, өзім және отбасым үшін тіге бастадым. Алғашқы қолымнан шыққан өнім – былғары белбеу еді. Сәтті шықты. Көргендерге ұнады. Осылай сұраныс артты. Қажетті былғары, басқа да материалды әр жақтан тапсырыспен алдырамын. Жалпы, былғары өнімдерін тігудің де ерекше сыры бар. Әуелі теріні өңдеп дайындап, жан-жағын тегістеймін. Өйткені, оны кескенде жібі тарқатылып кетпеуі керек, Жіптері білініп тұрмауы үшін тегістеп, кейін арнайы құралмен біркелкі етіп тесіп, қажетті жіппен тігіп шығамын. Тапсырыс берушімен келіскеннен кейін екі аптаның ішінде дайын болады. Тігу оңай, уақытты да көп алмайды, тек өрнек салу қиынырақ», – деді Тимур Фазылханов.

Бұл кәсіпті өткен жылы ғана қолға алған ол көп мөлшерде тігу үшін модельдерін іздеп, таңдап жүргенін айтады.

«Тапсырыстар түсіп жатыр. Әсіресе, сөмке, белбеулерге сұраныс жоғары. Негізінен таза былғары өнімі болғандықтан, әмиянның бағасы он бес мыңнан асады. Қолым босағанда түрлі заттар тігемін. Олардың ішінде ер азаматтарға арналған таза былғарыдан белбеу, қол сөмке, әмиян көп сұранысқа ие», – дейді қамыстылық Тимур Фазылханов.

Жергілікті кәсіпкер қолынан шыққан бұйымдарды қолдау керектігін айтады. Өзі ұлттық кәсіпті дамытпақшы болып, мемлекеттік грантқа қатысып көріпті. Бірақ, қазір тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына баса назар аударылып жатқандықтан, жобасы қолдаусыз қалған екен.

«Менің қолымнан шыққан бұйымдардың басты ерекшелігі – электр-механикалық саймансыз, нақты ертеден келе жатқан қол саймандар – негізінен қашау, пышақ, түрпі арқылы жасалады. Жасайтын бұйымдарым – кез-келген теріден жасалатын картхолдер, сөмкелер, шопперлер. Тапсырыс берушілер әр заттың дизайнын өз талғамдарына қарай таңдайды. Әрі қарай қалай жасалу керектігін өзара келісеміз. Оларды жасауға қолданатын материалдарым – тері, ине, жіп, пышақ», – дейді Тимур Фазылханов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Қамыстылық балықшылар қармақтың қызығынан гөрі қатерді ойлайды

Қазір балықшы да көбейді, балық аулауға қызығатындар саны да артты. (далее…)

3 часа ago

Қамыстыда 22 метрлік сырғанақ балалардың мекеніне айналды

Биылғы қыста былтырғыдай қар қалың түспесе де, ауыл-аймақ арасын ақ көрпеге орады. (далее…)

6 дней ago

Қамыстыда мерейтой аясында ауқымды шаралар жыл бойы жалғаспақ

Биыл Қамысты ауданының құрылғанына – 70 жыл толып отыр. Осыған орай, өңірде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып,…

1 неделя ago

Қамыстының екі ауылында су құбыры жаңарады

Қамысты ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы жылдары ауыз сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсартуды көзделген.…

2 недели ago

Бар ғұмырын кітапхана ісіне арнаған

Арқа ауылының кітапханашысы Галина Қабылова (далее…)

2 недели ago

Каждый год камыстинец Виктор Минин превращается в сказочного героя, чтобы подарить детям радость

Для семьи Мининых ежегодный семейный праздник  сопровождается доброй традицией.  (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.