Қамыстының Арқа ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт, Алтынсарин мен Бестөбеде медициналық пунктер салынады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Арқа ауылында демалыс үйі салынып жатыр. Құрылысы өткен жылы басталды. Бұдан бөлек, Қамыстының Арқа ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт, Алтынсарин мен Бестөбеде медициналық пунктер салынады.

Қамысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алмат Елемісовтің айтуынша, Арқа ауылында автономды қазандығы және инженерлік желілері бар 120 орындық демалыс үйінің құрылысы өткен жылы басталған. Екі жылдық жобаға бөлінген қаражат 573,1 млн теңгеден асады. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына 521,7 млн қарастырылған, техникалық қадағалауға 16 млн теңге жұмсалып отыр, оны «Қарген-Сервис 2006» ЖШС мойнына алған. Авторлық қадағалау – 5 млн теңгеге жуық (ЖК «Ахмеров»).

Былтыр мәдени нысанның іргетасы қаланып, қабырғалары, ішкі бөлімдері, шатыры және терезелері салынды. Барлығы 286,2 млн теңге игерілді.
«Биыл барлығы 256 478,7 мың теңгені игеру қажет, оның ішінде: құрылыс-монтаж жұмыстарына – 247,1 млн, техникалық қадағалауға – 7, 1 млн, авторлық қадағалауға – 2,2 млнға жуық. Осы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары 20 ақпаннан басталып кетті. Аванстық бөлігін 2024 жылдың наурыз айында төлеу жоспарлануда. Келісім-шарт бойынша жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Дегенмен жұмысты алдын ала аяқтап, нысанды алдағы шілде айында тапсырамыз ба деп белгілеп отырмыз», – дейді Қамысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алмат Елемісов.

Жоба бойынша киім қабылдау бөлмесі, әдістемелік, тренерлік кабинеттер, сондай-ақ, учаскелік пункт пен ауылдық округ әкімдігі үшін үй-жай көзделген. Ғимаратта спорт залы, көрермендер залы бөлек деп жобаланған. Сондай-ақ, абаттандыру (автотұрақ, жасыл алаңдар) және қатты отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық орнатылмақ.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасына біз¬дің ауылымыз қосылғанын білгенде тұрғындардың бәрі қатты қуанды. Ауылдықтар үшін мәдениет үйінің салынуы өте қуантарлық жағдай болды. Енді осы жерде балаларымыз үйірмелерге, спорттық секцияларға келіп қатысатын болады. Осыған дейін ауқымды шаралардың барлығы мектептің спорт залында өтіп келді. Келесі жылдан бастап жаңа демалыс үйінде өтетін болады», – деп қуанып жүр арқалықтар.
Айта кету керек, бұл нысан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы негізінде республикалық бюджет қаражатынан салынып жатыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Хоккеисты Камыстинского района стали серебряными призерами КМ Лиги

Хоккейная команда «AqQala» заняла почётное 2 место в розыгрыше «Малого финала» КМ лиги по хоккею с…

3 дня ago

Камыстинские борцы выиграли золото и бронзу на чемпионате Костанайской области

В чемпионате Костанайской области по қазақ күресі камыстинцы показали высокие результаты.  (далее…)

4 дня ago

Камыстинские волейболистки стали двукратными чемпионами Костанайской области

Воспитанницы Камыстинской районной ДЮСШ приняли участие в чемпионате Костанайской области по волейболу среди девочек 2013–2014 годов…

4 дня ago

Камыстинские полицейские усиливают работу по предупреждению дорожно-транспортных происшествий

Согласно статистике, с начала года на территории республики зарегистрировано около трех тысяч ДТП, в которых…

6 дней ago

Жителей трудоизбыточных регионов страны пригласили переехать в Камыстинский район

Делегация Камыстинского района посетила Кызылординскую область с агитационной работой для привлечения граждан к переселению в…

1 неделя ago

This website uses cookies.