
Қамыстының ауыл мектебінде экологиялық жылыжай ашылды
«Таза Қазақстан» жобасы аясында Қарабатыр ауылындағы мектеп жанынан заманауи жылыжай орнатылды.
Игі іс «Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Экологиялық клуб “Neco”» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Жобаның жалпы құны 600 мың теңге, қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. 18 шаршы метр аумақты қамтитын жылыжайда оқушылар биология пәні бойынша тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.
— Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлап отырмыз, — дейді Қарабатыр ауылының әкімі Аманжол Қабылхан.
Жылыжайдың ашылуы ауыл мектебі үшін тың мүмкіндік болып, жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттырмақ.
 Шұға ҚОҢҚАБАЙ 
 Сурет Қарабатыр ауылдық округінің әкімінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
 
  
  
 
