Арқа, Дружба, Талдыкөл ауылдарында өрт сөндіру бекеттері ашылады

Өңірде өрт қауіпсіздігі кезеңі басталды.

Қамысты ауданында өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Биыл 6 сәуірде басталған кезең қазан айына дейін жалғасады. Осыған байланысты ауданда алдын алу шаралары күшейтіліп, барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимге көшті. Бұл мәселе Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында қаралды. Жиында аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев өңірдегі ахуал туралы баяндама жасады.
Аудан басшысының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері ауданда бір ғана өрт тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бес өрт болған. Сонымен қатар шөптің жануы мен қоқыс өртеу жағдайлары тіркелмеген. Ең бастысы – дала өрттері орман алқаптарына таралмаған.
– Жалпы аудан бойынша өрт қауіпсіздігі жағдайы тұрақты және толық бақылауда. Барлық күш пен құралдар өрттің алдын алуға бағытталған, – деді Ерлан Жаулыбаев.
Өрт қаупі кезеңіне дайындық аясында бірқатар нақты жұмыстар атқарылған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 19 меморандум жасалып, 36 техника жұмылдырылған. 6 тонна дизель отыны дайындалып, оның 3,2 тоннасы ауылдық округтерге бөлінген.
Төтенше жағдай кезінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлермен 11 меморандум жасалып, арнайы қор құрылған. Елді мекендерді айналдыра жырту жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады.
Қазіргі таңда ауданда 3 өрт сөндіру бекеті бар. Оның екеуі жұмыс істеп тұр, ал біреуі техникалық тұрғыдан жарамсыз.
Биыл Арқа ауылы, Дружба ауылы және Талдыкөл ауылында жаңа өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарланған. Бұл жобалар «Ауыл құтқарушы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Ауданда ерікті өртке қарсы құрылымдар да жұмыс істейді. Қазір 23 құрылымда 100-ден астам адам бар. Олар өрттің алдын алу және жедел әрекет ету шараларына қатысуда.
Жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өрт қауіпті кезеңде сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.
– Табиғи апатты толық бақылау мүмкін емес. Сондықтан өрт қауіпті кезеңде егістік алқаптарында өрт жұмыстарын тоқтату қажет, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ орман алқаптарына кіруді шектеу, рейдтерді күшейту және қауіпсіздік талаптарын бұзғандарды жауапкершілікке тарту тапсырылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Редактор

Recent Posts

Камыстинцы стали чемпионами Костанайской области по бирманскому боксу

В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…

8 минут ago

Школьники Камыстинского района стали финалистами республиканской олимпиады IQanat

В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…

2 часа ago

В Камыстинском районе открыли новый пункт пожаротушения

Он был оборудован в селе Клочково в рамках программы «Ауыл құтқарушылары». (далее…)

6 дней ago

Қамысты ауданы: жастар неге ауылдан қашады?

Осы мәселе әкімдік отырысында көтерілді. (далее…)

7 дней ago

Не одно десятилетие династия ветеринаров Башпаевых обеспечивают здоровье животных в Камыстинском районе

Братья Кажимукан, Валихан и Ермек Башпаевы посвятили свою жизнь ветеринарной службе, а сегодня семейное дело продолжает…

1 неделя ago

This website uses cookies.