Қарабатыр ауылының «Асыл әжелері» ансамблі ән фестивалінде өнер көрсетті

Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Өнегелі, өнерлі – ақ әжелер» атты облыстық ән фестивалі өтті. Мәдени шараға Қарабатыр ауылынан келген «Асыл әжелер» ансамблі де қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Фестиваль сахнасына облыстың әр түкпірінен жиналған тоғыз әжелер ансамблі көтерілді. Қамысты ауданынан арнайы келген «Асыл әжелер» ансамблі халық әндерінен «Белеске» және «Сәулем-ай» әндерін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қарабатыр ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған ансамбль 2023 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Құрылғанына биыл екінші жыл болған ұжымның басты мақсаты – ұлттық өнерді насихаттап қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбиенің қайнар көзін келешек буынға жеткізу. Ансамбль құрамында ауылдың түрлі салаларында еңбек еткен жеті әже бар. Репертуарларында елуге жуық ән сақталған, басым бөлігі – халық әндері.

Ансамбль атауын да әжелер өздері таңдаған. «Асыл әжелер» деп аталуы да тегін емес. Өйткені ансамбль мүшелері – немере-шөбере сүйіп отырған ардақты жандар. Ән – адамның жан дүниесіндегі сағынышты, мұң мен қуанышты жеткізетін сырлы саз. Бұл – әжелердің жүрек тербеген өнері арқылы ұрпаққа беріп жатқан рухани мұрасы.

– Халық әндерін шырқап жүрген әжелердің жүздері жарқын, жандары жас. Әрқайсысы – салиқалы ұрпақ өсіріп, шөбере сүйіп отырған ұлағатты аналар. Өмірлері де, көңілдері де хош. Бірақ жүректері сағым жылдарын сағынады, – дейді Қарабатыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Әйгерім Пірмахан.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Айжан Әшім. Ансамбльдің ең үлкен мүшесі – 77 жастағы Жазихан Шамша. Ең жасы – Үрлайым Аманбаева. Ұжым мүшелерінің арасында өнерден кенде емес, отбасымен бірге ән айтатын әжелер де бар. Мәселен, Балтамар Жақсыбаева – ауылдағы музейде еңбек еткен, өнерлі отбасы. Липан Калметай мен Жұмакүл Асановалар да түрлі салада еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік жастағы белсенді аналар қатарында.
Бұл ансамбльдің бір ерекшелігі – олардың бойынан бірнеше өнерді байқауға болады. Ән қоржынынан сырлы саз төгілсе, үйлеріндегі кебеже мен сандықтарынан ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын кездестіресіз. Олар аудандық және облыстық деңгейдегі барлық мәдени шараларға белсене қатысып келеді.

– Ансамбль құрамында өмірден көрген-түйгені мол, мектепте ұстаз болған, тәрбиелі аналар бар. Олар бос уақыттарында репетиция жасап, ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. Әжелеріміз өнегелі ене, ардақты әже ретінде әр шаңырақтың ұйытқысы. Жастары жетпіске келсе де, белсенділіктері жоғары. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, төрімізге шығарып жүрген асыл жандардың әрқайсысымен мақтанамыз. Олар кез келген ұлттық мерекеде сахнаға шығып, қазақы киімдерімен көрерменге рухани азық сыйлап жүр. Бүгінгі фестиваль – соның бір дәлелі, – дейді Әйгерім Пірмахан.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі белді мүшесі Айжан Әшім бала күнінен өнерге жақын жан екенін айтады.

– Ән – жанның емі. Біз ансамбльді уақытты тиімді өткізу, жастарға үлгі болу мақсатында құрдық. Сахна киімдерін де өз қолымен тіктім. Бос уақытымда тігін тігетін де өнерім бар. Қазір тек ән шырқап қана қоймай, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлерін жаңғыртып келеміз. Ауылымызбен шектеліп қалмай, көрші елді мекендерге де гастрольдік сапармен шығып жүрміз, – дейді өнерлі әже.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.