Облыс әкімінің кезекті сапарынан кейін аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және басқа өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындардан түскен әрбір өтініш, ескертулер мен сұрақтары тыңдалды. Барлық қарарлар бойынша түсініктемелер берілді. Орындалуын аудан әкім өз бақылауына алды.
Аудан экономикасының негізгі басты саласы – ауыл шаруашылығы. Шаруашылықтың бұл түрімен 110 ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады, оның 87-і шаруа қожалығы және 23-і ЖШС. Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарының 13 түрі (дәнді, дәнді-бұршақты, жарма және майлы дақылдардың барлығы 24 сорты) егіледі, бұл нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік береді және шаруашылықтарға экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
-Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,8 млрд теңге. Нақты көлем индексі 106,4%, оның ішінде мал шаруашылығы 106,4% құрады. 2024 жылдың жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тірі салмақта мал мен құс түрлерінен ет өндіру – 1 188 тоннаны, сүт өндіру – 2 113 тоннаны, жұмыртқа өндіру – 436,7 мың дананы құрады. Биыл жылы көктемгі егіс 297,4 мың гектар жерге егілді. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 278,2 мың гектар, майлы дақылдар – 8,7 мың гектар, жемшөп – 10,4 мың гектар, картоп – 2 гектар. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 451 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға 7 шарт жасалып, 131 тонна амиак селитрасы сатып алыныпты, – деді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.
Ауылшаруашылық машиналардың паркін жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері 14 трактор, 16 комбайн, 8 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Мал шаруашылығы саласында 85 шаруашылық жұмыс істеуде (12 ЖШС, 73 шаруа және жеке кәсіпкерлер). Есепті жылдың 1 шілдесінде ірі-қара мал саны – 18 мың бас, ұсақ мал – 16 мың бас, жылқы – 5,2 мың бас, шошқа – 2,5 мың бас, құс – 23,6 мың басты құрайды.
Аудан орталығында 12, 14 пәтерлі тұрғын үй бой көтергелі тұр. Екеуі де газбен жылынады. Ауыз су орталықтандырылған жүйеге қосылған. Баспана ауылға келген жас мамандарға берілмек. Әйтсе де ел болғасын мәселелер де болмай тұрмайды. Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев қызметіне күні кеше кіріскеніне қарамастан, бұл тығырықтан халықпен бірге шығуды ұйғарып келе жатыр.
Халықпен кездесуге келген аудан тұрғыны Василий Нискиннің қазір баратын жері жоқ. Он үш жасында қамқорлыққа алынып, апа-жездесінің қолында өсті. 2012 жылы тұрғын үй кезегіне тұрды, кейін әскер қатарына шақырылды.
Есепте бірнеше жыл тұрса да осы кезге дейін кезегінің жылжымағанын айтады. Аудан әкімі бұл балаға әлгінде салынып жатқан екі үйдің біреуінен пәтер беруге уәде етті.
Адаев ауылдық округіне қарасты Пушкин елді мекеніне дейінгі көтерме жол да сын көтермей отырғанын айта кетейік. Ол жол, әсіресе, жаңбырлы күндері езіліп, шаруалардың егіс алқабына қатынауына кедергі келтіріп жатыр. Ондағы мәселе де аудан әкімінің үнемі назарында.
-Рудный қаласынан мердігер таптық. Жақында ол жерге құбыр орнатылды. Екі аптаның ішінде жұмысы толық аяқталады, – дейді Ерлан Жаулыбаев.
Алтынсарин ауылында былтыр қыста газ жарылып, апат болғаны есімізде. Жағдайы жеткен тұрғындар ұңғымалары мен газ плиталарын қалпына келтіргенімен, кейбірі әлі күнге дейін зардап шегіп отыр. Солардың бірі Наталья есімді ауыл тұрғыны.
Үйінде жалғыз өзі табыс тауып отыр. Қолында қарт анасы мен мүгедек сіңілісі тұрады. Енді алдағы қысқа тағы қамданып, отын-су сатып алуға мәжбүр. Ауылдықтарға мәселені толық шешу үшін әлі де 2 млн 600 мың теңге қаражат қажет. Аудан әкімінің назарында.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Ұлттық валютамыз – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде биыл банк саласы ардагерлері…
Ежегодный конкурс-фестиваль самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Казақстан!» прошел в селе Камысты (далее…)
15 ноября отмечается профессиональный праздник работников финансовых структур, который напрямую связан с Днем рождения казахстанской…
Районным отделом ЖКХ было приобретено 2800 штук без кома и 700 штук с комом саженцев…
Подрядчик ТОО «Костанайсельхозводопроводстрой» завершает работы по опрессовке труб водоснабжения в селах Бестобе и Адаевка (далее…)
Для удобства пешеходов она размещена по загруженным улицам - Гумилева, Ержанова, Кудайкулова, Ленина, Свердлова (далее…)
This website uses cookies.