Бүгінде Бестөбе ауылы қайта жанданып келеді. Қазіргі таңда мұнда 110-нан астам үй, 350-ге жуық тұрғын бар. Негізгі тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы. Мұндағы «Бестөбе-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 мың гектар алқапқа арпа, бидай, күнбағыс егіп отыр. Сонымен қатар 2160 қой, 256 ірі қара мал бағылып, ел жердің де, төлдің де пайдасын қатар көруде.
– Биыл 600 гектар жерге мал азығын дайындап жатырмыз. Шөп шабу науқаны да жүріп жатыр. Жеріміз құмды, әр үйде құдық пен скважина бар. Өткен жылы таза ауыз су кіргіздік. Енді газ болса, халық та тұрақтанып отырар еді, – дейді ауыл әкімі Серік Бисембаев.
Ауылда науқан қарбаласы қызған шақ. Шаруалар күзгі егін орағына дайындық үстінде. Механиктер мен дәнекерлеушілер, мотор жөндеушілер техникасын сайлап, шеберханаларда тынымсыз еңбек етуде. Солардың қатарында шөп шабуға белсене кіріскен жергілікті механизаторлар Жасұлан Қожин, Байтілеу Ермек пен Мәди Қарашолақов та бар. Үшеуі де туған топырағына адал, маусымдық емес, жыл он екі ай жұмысын жалғастырып келе жатқан азаматтар.
-Биыл шөп шығымы орташа. Науқан маусымның ортасынан басталды. Егін орағы басталғанша көк шабу жүре береді, – дейді мехнизатор Жасұлан Қожин.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Хоккейная команда «AqQala» заняла почётное 2 место в розыгрыше «Малого финала» КМ лиги по хоккею с…
В чемпионате Костанайской области по қазақ күресі камыстинцы показали высокие результаты. (далее…)
Воспитанницы Камыстинской районной ДЮСШ приняли участие в чемпионате Костанайской области по волейболу среди девочек 2013–2014 годов…
Согласно статистике, с начала года на территории республики зарегистрировано около трех тысяч ДТП, в которых…
Делегация Камыстинского района посетила Кызылординскую область с агитационной работой для привлечения граждан к переселению в…
Рамазан қарсаңындағы игі жаңалық. (далее…)
This website uses cookies.