Қазақта “Көршіні ешкім таңдамайды, құдай береді” деген әдемі тәмсіл бар. “Көрші ақысы — тәңір ақысы” да бекерден айтылмаған.

Қай жерден қоныс тепкен кезде алдымен айналаңда отырғандармен танысасың. Бастапқыда тіл табыссаң — сол таныстығың туысыңнан кем болып шықпайды.
Елімізде барлық мейрамдарды, соның ішінде 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше атап өтетін көршілер аз емес. Әрине, мерекені ұжыммен, туыстармен, достармен атап өту бір басқа да, туғаныңдай болып кеткен көршілердің бас қосқаны айрықша жайт.

Осындай береке-бірлігі жарасқан көршілер деп Қамысты ауылының Гагарин тұйық көшесінде тұратын Николаевтар, Ажиковтер және Нещадимдер отбасыларын айтуға болады. Ажиков пен Николаев әулеттері — қабырғалас көршілер де, Нещадимдер келесі үйде. Осы жанұялардың адамдарының барлығы әр түрлі салада еңбек етсе де, шаңырақ басында бір-бірімен аралас-құралас болып кеткен жандар. Татьяна Николаева — аудандық орталық кітапханада кітапханашы, Алена Нещадим — медицина қызметкері. Ал Айнаш Ажикова — Адаев селолық округінде бас маман (есепші).

“Жолдасым “Алтынсарин” серіктестігінде механизатор болып жұмыс істейді. Біз аудан орталығына 2000 жылы Ливанов ауылының Көбен бөлімшесінен көшіп келдік. Содан бері Николаев және Нещадим отбасыларымен құдайы көрші ғана емес, жақын туыстай араласып кеттік. Өте тату тұрамыз. Қазақ, орыс деп бөлінбедік. Қандай мереке болмасын — біргеміз. Бір-бірімізге қонақ болып жиі барысамыз. Айт, Наурыз, Пасха болсын, басқа да атаулы күндері міндетті түрде құттықтаулар айтылады, дастархан басында бас қосамыз. Отбасылық қуаныштарымыз, туған күндеріміз де көршілерсіз өтпейді. Біріміз бәліш, біріміз жент, енді біріміз печенье, басқа да тәтті тағамдарымызды әкеле қоямыз. Бірге бас қосып, кәуап пісіріп жейтін кездеріміз аз емес. Ұлттық мерекелерде байырғы тағамдарымыздан ауыз тигіземіз”, — дейді Айнаш Ажикова.

Құдайы көршілердің өздерінің сыйластығы бір төбе, балалары да қатар ойнап-күліп өсіпті. Кішкентай болса да, қазір немерелері әбден тіл табысып, бір-біріне бауыр басып қалған. Көршілердің ұл-қыздары бірін-бірі бағып өсіпті. Енді олардың есейгендері немерелерді қарап жүр.

“Біз бір жаққа кетсек, үй шаруасын еш алаңсыз көршілерге тапсыра береміз. Қандай да бір шаруа шыға қалса, көршілерім көмекке келе қояды. Сәл ғана қуанышымызға ортақ бола білетін, сыйластығы жарасқан осындай көршілерді барлық жанұяға берсе деген тілегіміз бар”, — дейді Айнаш Ажикова.

Жылдар бойы араларынан қыл өтпей келе жатқан тату көршілер 1 мамыр мерекесін тағатсыздана қарсы алып отыр. Алда көктемнің тағы да мейрамдары бар. Оның ар жағында жаз — кешкісін бау-бақшаның басында көршілерге бір шәйнек шайын ішіп отыратын тамаша мезгіл.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

2 дня ago

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня ago

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 дней ago

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 дней ago

В Центре обучения языкам в Камыстинском районе действует разговорный клуб «Сөйле Тайм»

Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…

1 неделя ago

This website uses cookies.