Клочков ауылының тұрғындары қуанышқа бөленді. Елдімекенде көп күткен балалар алаңы салынды. Алаңды қолданысқа берілу сәтіне ауылдың дүйім жұрты қатысты. Заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған ойын алаңына жергілікті кәсіпкер 250 мың теңге бөлінген. Бұл жоба жергілікті ауыл тұрғындарының, жастардың және кәсіпкерлердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады.

Жобада көрсетілгендей әткеншектер, сырғанақ, содан кейін балалар ойнайтын құм төселген алаң. Тренажерлер, балалар тартылып ойнайтын шағын труниктер, бәрі бар, сырты қоршалған, асты төселген.

Балалар алаңының құрылысын қолдап, қысқа мерзімде қолданысқа тапсырғаны үшін ата-аналар алғысы шексіз.

-Ауылымызда осындай балалар алаңы ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Күнділкті кешкісін балаларды ойнатып, алаңға келіп тұрамыз. Осылай балалардың жағдайын ойлап жұмала көтерген ауыл тұрғындарына, ауыл әкімдігіне алғысымызды білдіреміз, – дейді ауыл тұрғыны Александр Куракин.

Жаңа балалар алаңының салынуында ауыл жастары мен кәсіпкерлердің үлесі зор.  А.Мұса, А.Куракин, А.Яцышин және басқа да белсенді жастар алаңның құрылыс элементтерін жинауға және орнатуға атсалысты. Олардың қатарында мектеп қызметкерлері мен «Алтынсарин» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері де болды. Э. Вронский, Д.Қаирбеков, Р.Жолбасаров, Т.Собарь, В.Федина, Д.Оразова секілді ауыл тұрғындары жобаны іске асыруға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

-Алаңның құрылысын ұйымдастыру үшін Астана қаласынан қажетті материалдарды жеткізу мақсатында «Canon96» ЖШС басшысы Владимир Шестериков 250000 теңге бөлді. Бұл қаражат көлік шығындары мен екі қызметкердің еңбекақысына жұмсалды. Ауылдық аймақтағы балалар алаңының құрылысын бастау үшін қаржылық қолдау көрсету маңызды қадам болды, – ауыл әкімі Қонысбай Көшкінбаев.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балалар алаңының қоршауларын және басқа құрылымдарын орнату үшін «Алтынсарин» ЖШС кәсіпорнының арнайы дәнекерлеуші И.Демиденко тартылды. Оның кәсіби жұмысы алаңның сапалы әрі қауіпсіз түрде құрылуына мүмкіндік берді. Құрылыс жұмыстары барысында қажетті цемент пен құмды «Шорабай» шаруа қожалығының басшысы В.Бойцерук қамтамасыз етті. Бұл материалдар құм алаңына пайдаланылды.

-Клочковтағы жаңа балалар алаңы – ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Бұл жобаның жүзеге асуы ауыл тұрғындарының, жастардың және кәсіпкерлердің ынтымақтастығының нақты нәтижесі болып табылады. Жаңа алаң балалар үшін қауіпсіз әрі қызықты ойын алаңын қамтамасыз етіп, ауылдың дамуына зор үлес қосады. Қоғамдық және кәсіпкерлік қолдаудың арқасында, ауыл тұрғындары балалардың ойын және демалыс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерлерін көрсетуге мүмкіндік алды, – дейді ауыл тұрғындары.

Шұға Қоңқабай

Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.