Клочковта кіреберіс белгіні қайта жаңартуға 1 млннан астам қаржы жұмсалды

Клочков ауылында кіреберіс белгі қайта жаңартылды.

Оған 1 млн теңгеден астам қаржы жұмсалып отыр. Қаптал жазуы төрт жылдан бері жаңартылмаған екен. Сылағы құлап, ашық-тесік жатқан.

Қамысты өңіріндегі аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 шақырымда орналасқан елді мекеннің тарихы жетпіс жылға жуықтап отыр. 1955 жылы наурызда Қостанай облысы, Камышнин ауданында Кеңес Одағының Батыры Василий Клочков атындағы кеңшардың қазығы қағылып, астықты өлкеміздің дамуына тың серпін берді.
Совхоз астық өндіретін ірі жоғары механикаландырылған кәсіпорын ретінде құрылған. Алғашқы бригадалар сол жылы көктемде тың жерге соқа салып, егіс науқанын бастап кеткен. Кеңес одағының республикаларынан жиналған жастар осы өлкеде үйлер сала бастады. Медициналық пункт, мектеп, балабақша, басқа да әлеуметтік ғыимараттар бой көтерді, жолдар салынды. Осылайша, қолына құрал-сайман ұстағанның барлығы ауылды көтеру жолында тынбай еңбек етті.
Содан бері талай жылдар өтті, өсу, өрлеумен қатар, сонау тоқсаныншы жылдардың қиыншылығын да бастан өткерді. Бірақ ауыл халқы осы ауыртпалықтың бәрін көтеріп келеді. Бүгінде бұл елді мекенде 280 адам тұрады.
«Театр – киім ілгіштен басталады» демекші, кез келген елді мекеннің атауы әйгіленіп тұратын белгісі болады. Жақында Клочков елді мекенінің кіреберісіне ауыл атауы жазылған еңселі белгі орнатылды. Бірнеше жыл тозығы жетіп тұрған белгі жазуды қайта жаңартуға 1,1 млн теңге жұмсалған екен. Оның 250 мың теңгесіне жаз айында «Алтынсарин» ЖШС демеушілік көрсетіп, қаражат бөлген екен. Кейін күздің күні мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, екі жағында жазуы бар белгі орнатылып дайын болды. Бір жағына «Сәт сапар» жазуы жазылған. Ол астықтың символын бейнелеп алтындалып жасалған. Жиектеріндегі ұлттық оюымыз ерекше сән беріп тұр. Екінші жағы көк түстеліп, «Клочков» деген жазуы бар. Онда басты байлығымыз – бидай масағы да салынған. Бұл белгі жазуды «Қостанай аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жасапты.
– Төрт жыл бұрын ауылымыздың кіреберісіндегі белгі жазу құлап, ашық-тесік жатқан еді. Демеушілердің көмегімен каркасы жасалды. Бұл белгі жазудың ұзындығы – 8,4 метр, ені 2,5 метрді құрайды. Онда масақтың суреті белгіленген. Кезінде бұл совхоз астықты ауыл болған. Соның символы ретінде суретін салғыздық, – дейді ауыл әкімі Қонысбай Көшкінбаев.
Белгі жазудың жаңарғанына ауыл тұрғындары да риза.
– Ауылдың ажары ашылса бәріміз де қуанамыз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан біздің ауданға жасалынып жатқан жарқын істердің бастауы деп білемін. Ауылдың дамуы үшін атқарылып жатқан тірліктер көп болсын. Сондықтан ауыл келбетін көркейтуге үлес қосқан азаматтардың өнегелі ісінен кейінгі ұрпақ үлгі алады деп ойлаймын. Кіреберіс ажарлы болса – еңсені де көтереді. Бірлесе істеген жұмыста қашан да береке бар. Ауылды алтын бесік санап, игілікті іс атқарған, осы істің басы-қасында жүрген атпал азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді ауыл тұрғыны Азамат Бахитұлы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Recent Posts

Юные камыстинцы получили подарки от акима района

В районном Доме культуры накануне встречи 2026 года прошла елка акима района. (далее…)

4 дня ago

40 мальчишек и девчонок Камыстинского района собрала новогодняя елка в селе Арка

Мероприятие состоялось в Доме досуга села Арка. Гостями праздника стали дети членов Локального профсоюза образования…

5 дней ago

Предприниматель из Камысты Роза Акбасова провела благотворительную елку для учащихся школ

Встреча прошла накануне празднования Нового года в кафе «Ханшайым». (далее…)

6 дней ago

Камыстинский район один из лидеров по развитию конных видов спорта в Костанайской области

2025 год стал знаковым для района: в селе Камысты был построен  современный ипподром, ставший важной…

6 дней ago

В Камыстинском районе предприниматель из села Арка открыла новое кафе

«Дәмді», что в переводе с казахского языка означает «вкусно», так символично назвала свое кафе…

6 дней ago

Камыстинцы украсили свои дома и улицы, создавая новогоднюю атмосферу

В преддверии Нового 2026 года значительно преобразилось село Камысты. Гостей и жителей на въезде встречают…

2 недели ago

This website uses cookies.