Латын қарпінде қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ұлттық комиссия мүшелері түсініктеме берді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

Білім беру мекемелерінде жетілдірілген әліпби белгілерін жазу және оқу бойынша сауалнама жүргізілді. Қоғамдық пікірді ескеру мақсатында ашық талқылаулар ұйымдастырылды.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.

Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан “бір дыбыс – бір әріп” принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек, — деді А. Мамин.

Үкімет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында алдағы уақытта тілдерді оқыту орталығының мамандары латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша аудан тұрғындары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қамысты ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ

Редактор

Recent Posts

Жарапазан исполнили на участках референдума в Камыстинском района

В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…

4 дня ago

На референдум в Камысты приходят семьями

Участок №416, который находится в Камыстинской общеобразовательной школе №2, принимал голосующих семьями. (далее…)

4 дня ago

В Камыстинском районе проходит голосование на референдуме по новой Конституции

В селе Камысты действует 4 участка референдума: №868 и №399 в Камыстинской общеобразовательной школе №1,…

4 дня ago

Қамыстылық ханым

Туған жерге адал қызмет етіп жүрген Раушан Махмудова жайлы бір үзік сыр. (далее…)

2 недели ago

Қамыстыда «Таза чат-бот» неге белсенді емес?

Сервис аудан тұрғындары арасында кең таралмай отыр. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.