Мәні – зор, тағылымы – мол біздің өңірде Амал мерекесі қалай аталып өтеді?

14 наурыз – Амал мерекесі. Қазір кеңінен таралған көрісу күні еліміздің батыс өңірінде жақсы сақталған. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.

Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, «Бір жасыңмен!» деп амандық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене балалар әр үйден кәдесый алады. Әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек деген де бар. Амал мерекесі – Наурыз мейрамының басы.

Қамысты ауданында тұратын Бану Наурызбаева үшін Ұлыстың ұлы күні айрықша мереке. Көктемнің шуақты мейрамы қарсаңында анамыз барлық немерелерін қуантуға тырысады. Оның сыртында мектептегі «Даналық мектебі» клубында әжелер алқасының белді мүшесі. Аудан орталығында қазақтілді білім ордасымен байланысы үзілген жоқ. Өмірден бар түйгенін келер ұрпаққа насихаттаудан жалыққан емес. Биыл да оқу ошағына Ұлыстың ұлы күнінің алдында барып, көктем мерекесінде жасалатын салт-дәстүрлер туралы айтып берді.

Жолдасы Аяпберген аға екеуі бес бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 3 немере, 13 жиен немере сүйіп отыр. Ұлыстың ұлы күні қазақтың салты бойынша балалары немерелерімен келіп, бір дастархан басына жиналып, Бану апамыздың қолынан наурыз көжеден дәм татады.

-Бала кезімізде тоқсан шыққан соң алты күннен кейін «Дүние наурызы келеді» дейтін ұғымды үлкендер айтатын еді. Сөйтіп наурыздың 19-ы күні міндетті түрде көже асылады. Сосын тостаған арқаламайды, қазір молшылық дейді. Бірақ барлық үйдің есігі айқара ашық. Кішкентай күнімізден біз білетін Наурыз солай. 19-нан бастап тойланады. Ал 20, 21, 22 наурыз күндері қуанышымыз еселене түсетін. Ол кезде біздің өңірде наурызды айдың дәл 22-сі атап өту дейтін ұғым жоқ, неге олай болғанын түсінбедім. Ол кезде ресми түрде аталып өтпесе де, ата-әжелеріміз ырымын жасап, құлағымызға құйып отыратын, – дейді Бану Жанайдарқызы.

Кеңес үкіметі тұсында елімізде ұзақ үзілістен кейін алғаш рет 1989 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұйытқы болуымен, ақын Мұхтар Шахановтың бастамасымен Алматы қаласында Наурыз қайта жаңғырды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ұлыстың ұлы күні мереке ретінде белгіленіп, жаңданды.

-Мен үшін күн мен түн теңелген көктемнің шуақты күнінде тойланатын Наурыз мерекесінің мәні терең. Себебі, осы күндері ұмыт бола бастаған дәстүріміз бен салтымыз жыл сайын бір жаңғырады. Наурыз өскелең ұрпаққа өнеге, рухани азық береді. Сондықтан мектепке үнемі барып, балаларға бар білгенімді көрсетіп, насихаттауға тырысамын, – дейді Бану апа.

Тарихқа үңілсек, ел осы мерекені ауыл-аймағымен думандатып тойлаған. Алтыбақанын құрып, әнін салып, көшпелі ел қыстан аман-есен шығып, құшақ жая қауышқанына қуанған. Соның жұрнағы ұмыт қалмай, бүгінге дейін жетіп отыр.

-Жеті түрлі дәмнен дайындалатын «наурыз көжеден» ауыз тиеміз. Самарқанның көк тасы еріп жатқанда, көңілдегі кірбіңді жібітіп, өкпе-ренішті өткен жылдың еншісіне қалдырамыз. Соғымнан сақтаған сүр етімді шығарып, жеті түрлі тағамнан наурыз көже әзірлеймін. Оған тары, бидай, тұз, ақ, қазы, мейіз, жылқы етінің сорпасына қосып әзірлеймін. Ыстық бауырсақ пісіріліп, өлі-тіріге арналып жеті шелпек таратамын. Түрлі тәттілер дайындалып, көршілер, құда-жекжат ауыз тиюге келеді. Шат-шадыман болып, шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрылады. Мереке үлкендермен мәнді, мағыналы екен. Наурыз – біздің отбасымыздың сүйікті мерекесі, молшылыққа бастайтын жылдың басын асыға күтеміз,- дейді Бану апамыз.
Келе жатқан береке-бірліктің мерекесі құтты болсын!

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Камысты торжественно открылась новая пекарня

Камыстинец Куандык Салыков воспользовался государственной программой «Ауыл аманаты», получив кредит 5 млн тенге под выгодный…

8 часов ago

В Камыстинском районе семья ветерана Алексея Акуленко бережно хранит воспоминания о герое войны

Наша встреча с дочерью участника войны Натальей Алексеевной прошла в ее доме по улице Свердлова. …

11 часов ago

Молодежь Камыстинского района воспитывают в военно-патриотических клубах при школах

Все это позволит ребятам подготовиться к одному из важных этапов в жизни- службе в армии.…

3 дня ago

Камыстинская легкоатлетка Софья Михалева завоевала серебро на областном чемпионате

С 27 по 28 апреля в городе Лисаковске прошел чемпионат Костанайской области по легкой атлетике…

6 дней ago

На Ламборгини ведут весенние полевые работы камыстинские хлеборобы

Директор ТОО «ПКФ «Кайрат» Туремурат Утепов ознакомил нас с  ходом работ по закрытию влаги –…

1 неделя ago

“Алиев” ШҚ егіс науқанына кірісті

Биылғы көктемгі егістік шаруаларға қолайлы болады деп болжануда. Синоптиктер мамырдың алғашқы қос онкүндігі орташа қоңыржай,…

1 неделя ago

This website uses cookies.