Қарабатыр жалпы білім беретін мектеп ғимараты «Ауыл – ел бе¬сігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде.
Екі жылдық жоба аясында құрылыс жұмысы былтыр басталған, биыл жалғаспақ. Ғимараттың қабырғасының қаланғанына 56 жыл.
Өткен жылдан бері Қарабатыр жалпы білім беретін мектебіне жалпы сомасы 453,6 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Алғашқы жылы білім ұясына 41 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, бұл қаржыға кіреберісі мен қасбетіне жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстармен «Торгстроймонтаж» ЖШС айналысты.
«Былтыр мектептің арт жағын темір қоршаумен қаптады және сырттағы түгел кәріз құбырларын өткізіп, әзірлеп кетті. Биылғы оқу жылы аяқталған соң, ғимарат ішіне жөндеу жұмыстарымен қоса, қасбетін қаптайды. Сондай-ақ, күрделі жөндеу кезінде ішкі жуынатын, дәретхана бөлмелерін салу үшін арнайы кәріз шұңқырларын қазып дайындап кетті. Биыл жөндеу жұмыстары 1 мамырдан басталады. Бұл жұмыстарды жүргізу «Ауыл – ел бесігі» жобасы жоспарында. Жөндеуді аяқтауға тағы 411 млн теңге бөлінеді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде», – дейді Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің директоры Аманжол Хабылхан.
Бүгінгі күні білім ұясында барлығы 165 оқушы білім алуда. Мектеп оқушылары қазір бір ауысымда оқып жүр.
Айта кету керек, Қамысты ауданының білім беру құрылымында 12 жалпы білім беретін мекеме, оның ішінде 8 орта, 4 негізгі мектеп бар, олардың жалпы контингенті 1420 оқушы. Сондай-ақ, аудан бойынша үш қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
This website uses cookies.